Эверест – ажал тауы. Жыл сайын бұл биіктікті бағындырғысы келетіндер көбейіп келеді. Қайтып келмеуі мүмкін екенін біле тұра, альпинистер биікке ұмтылады. Ауаның жетіспеушілігі, жүректің қысылуы, үсік шалу мен түрлі жарақаттар өлімнің себептері болады. Оттегі баллонының бірден жабылып қалуынан аяқ-асты өлімге алып келеді. Оның үстіне биікке көтерілудің қиындығы жайлы ресейлік гималайлық экспедициясының қатысушысы Александр Абрамов: «800 метр биіктікте адамгершілік құндылықтары жүрмейді, ондай экстремальды жағдайда серігіңе көмектесу үшін сенің артық күшің болмайды», – дейді.
Эверестте 2006 жылы мамырда болған қайғылы оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді: жәймен үсік шала бастаған англиялық Дэвид Шарптың қасынан 42 альпинист өтіп кеткен, оған ешкім көмектескен жоқ. Олардың бірі «Discovery» арнасының ұжымы болды. Олар өлім аузындағы адамнан сұхбат алып, суретке түсіріп, ары қарай жүріп кете берген.
Эвересттегі альпинистер тобы әр жерде шашылып, көмілмеген мәйіттерден өтіп кетеді, олар да альпинистер, бірақ олардың жолы болмаған.
Олардың кейбірі құлап қалып, сүйегін сындырып алғандар, кейбірі суықтап қалған немесе жәй ғана әлсеріп қалған, бірақ соңында үсіп қалады.
8000 метр биіктікте қандай құндылық болуы мүмкін? Бұл жерде әрқайсысы өздері үшін, аман қалу үшін талпынады.
Сол жақта үсіп қалған адамдар да бұл айтылғандар өздері жайлы емес екеніне сенімді болған. Ал, енді олар барлық нәрсе адамның қолында емес екенін ескертіп жатқандай.
Қайтып келмегендердің статистикасын ешкім жүргізбеген, өйткені ол жаққа көбіне тек үштен бес адамға дейін тұратын шағын топтардан тұратын адамдар шығады. Бұлай шыңға өрлеудің бағасы $25 000-дан $60 000-ға дейін. Ұсақ-түйекке үнемдесе, кейде өмірінің құнымен төлейді. Осылайша мәңгілік күзеті болып ол жақта 150-ге жуық адам жатыр, мүмкін 200.
Сол шыңда болып қайтқан альпинистер арасында қорқынышты әңгімелер жүр. 1996 жылы жапондық Фукуока университетінің альпинистер тобы Эверест шыңына шығатын болады. Жолдарында үндістандық альпинистердің қайғылы жағдайға тап болғанын көреді – әбден аптыққан, үсік шалған адамдар көмек сұрайды. Жапондықтар өтіп кетеді, ал түсетін кезде құтқарудың керегі болмай қалады, олар үсіп қалды.
Бұл Эверестты бағындырған бірінші альпинистің мәйіті. Таудан түсер кезде ажал құшады.
Меллори шыңды бірінші бағындырған адам ретінде саналады, алайда қайтар жолда қайтыс болып кетеді.
Жел мен қар мәйіттің киіммен жабылмай ашық қалған тұстарын жел ұшыртып, сүйек қана қалған. Альпинистерді ешкім көшіруге тырыспайды, тікұшақ ондай биіктікке дейін көтеріле алмайды, ал 50-ден 100 килограммға дейін денені ешкім өзімен алып түсірмейді. Сол күйінде көмілген альпинистар тау бөктерінде жата бермек.
Барлық альпинистер өзімшіл емес, сонда да арасында көмектесетіндер болады. Бірақ олардың көбісінің өлімдеріне тек өздері кінәлі.
Оттегісіз шыңды бағындыру мақсатында рекорд орнатпақ болған американдық Френсис Арсентьева Эвересттің оңтүстік бөктерінде түсіп бара жатқан жолда қатты әлсіреп қалады. Жайлап тоңа бастаған әйелдің қасынан әлемнің әри қиырынан альпинистар өте бастайды. Біреуі оған оттеге береді (алғашында ол рекортын бұзып алу аламын деп бас тартады), басқалары ыстық шәй құйып береді. Тіпті, ерлі-зайыптылар оны лагерьге сүйреу үшін адамдарды жинамақ болады, алайда біраз уақыттан соң өз өмірлерін қауіпке тіге алмай, кетіп қалады.
Таудан түсу кезінде бір-бірлерін жоғалтып алған американдықтың күйеуі, орыс альпинист Сергей Арсентьев оны лагерьде күте алмай, іздеуге кіріседі. Салдарынан өзі де қайтыс болады.
2006 жылдың көктемінде Эверестте 11 адам қаза тапты. Әрине, егер сен ауқатты болсаң, сені гидтер алып жүреді. Егер оған шамаң жетпесе, тірі қалуға мүмкіндігің болмайды.
«Жол бойындағы мәйіттер – тауда өте сақ болу керектігінің үлгісі. Бірақ жыл сайын шыңды бағындырғысы келетіндер көбеюде. Статистика бойынша жыл сайын мәйіттердің де саны артуда. Таудағы үлкен биіктікте қарапайым өмірдегі құндылық негіздері жүрмейді. Мәйіттерді көре тұра тауға шығуға болмайды. Бұны қалыпты нәрсе деп қарамау керек», – дейді альпинист Александр Абрамов.
Оставить комментарий