Кеше, әлеуметтік желіде Әлем чемпионы Қуат Найманның instagtam парақшасында «уақытша тіркеу» мәселесін сынаған жазбасы қатты талқыланды. Ол жазбасында ҚР азаматтарын тіркеу туралы ережеге өз наразылығын білдіріп, еліміздегі жұмыссыздық, қысқартулар, қымбатшылықты қатаң сынға алған еді. Оған орай қоғамда Қуат Найманға алқаулар жауып жатты. Оқырман назарына белгілі саясаткер Жасарал Қуанышалинның «Жарайсың Қуат» атты жазбасын ұсынамыз.
Осы уақытқа дейін Қазақстанның атақты спортшылары, өкінішке орай, оларға билік не істе десе, соны істейтін ездер екенін көрсетіп келсе, иншалла, бүгін олардың арасында да шын мәнінде ЕР ЖІГІТ, ЕРКЕК атағына лайық АЗАМАТ бар екенін көріп, көңілім бір марқайып қалды!
Ол Азамат - біздің елімізде халық мүддесінің аяқ астына аяусыз тапталып жатқанын ашық айтқан және диктаторлық биліктің сол халықты тырп еткізбей бұғалықтап ұстап отыру үшін жаңадан ойлап тапқан сорақы озбырлығы - баршамызды жаппай тіркеуден өтуге мәжбүрлейтін жабайы талабына шамырқана қарсы шыққан ережесіз жекпе-жектің танымал жауынгері ҚУАТ (НАЙМАН) ХАМИТОВ.
Жарайсың, айналайын Қуат! Осы бетіңнен тайма! Алла Тағала алдыңнан жарылқасын! Әумин!
Оставить комментарий