Ақтөбелік жас жеткіншек террористер сотталды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709193545333_small.jpg

Ақтөбеде тағы да террористік топтың мүшелері сотталды деп хабарлайды 31.kz. Ең сорақысы, олардың қатарында мектепті де бітірмеген жап-жас жеткіншектер де бар.   Олар  құқық қорғау органдары мен Ресей   халқына қарсы қарулы джихат ұйымдастырып, теракт жасамақшы болған екен.

 

Құдайбергенов деген лаңкестік топтың басшысы өзінің жақтастарын Ресейдегі халық көп шоғарланатын түнгі клубтар мен сауда орталықтарына жарылыс жасауға шақырған. Сонымен бірге Құдайбергеновтің сыбайласы Есенғұлов  азаматтардың діни алауыздығын қоздыру мақсатында «Вконтакте» әлеуметтік желісінде  жалған атпен парақша ашып,  қарулы джихатқа шақыратын жазбаларын жариялап отырған. Сол арқылы  жаңа мүшелерді тартып, олармен жалдамалы пәтерлерде кездесіп келген.

 

ИЛИАДА ДОСОВА, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы:

- Сот үкімімен сотталушыларға 6 жылдан 9 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оставить комментарий

Связанные Статьи