Адамдардың көбі тез дайын болатын кеспені тек тағам ретінде қабылдайды. Алайда Сингапурлық суретші оны өнер туындысына айналдырды.
«Менің баяу жасалған жұмысым, заманауи әлемнің көп күттіртпейтін өмірлік ләззатқа деген қалауын сипаттайды» дейді сингапурлық Синтия Сувито.
Синтия кеспеден тоқыма тоқитын суретші. Ол Сингапурдың өнер галереясына арнап тоқиды. Тағамнан жаңа өнер туындысын жасау процесі кеспені сатып алудан басталады. Одан кейін Синтия оны суда қайнатады. Суығаннан кейін онымен жұмыс істеуге болады. Синтия кеспемен өте баяу жұмыс істейді. Себебі ол өте нәзік материал.
Синтия Сувито 20 сантиметр өрнекті тоқуға күніне 3 сағатын жұмсайды.
"Адамдардың көбі өмірде жылдамдықты жақсы көреді. Бұл кеспенің дайындалуына ғана емес, өмірлеріне де қатысты" дейді суретші.
Синтияның өзі кеспе жеуден бас тартқан емес.
"Көбі менің кеспеге деген ерекше қызығушылығым бар екенін айтады. Бірақ мен оны басқа адамдардан артық жақсы көрмеймін" дейді Синтия.