Қазақстанға көшу жайлы бүркітші қыз Айшолпанның әкесі Р.Нұрғайов Моңғолия теле арналарының бірінде сұхбат берді, деп хабарлайды ARD порталы, мәліметтің қазақша нұсқасын "Қамшы" порталы оқырман назарына ұсынады
Ол өзі әкесі секілді малшы екен. Қолында 800-дей мал басы бар. Оның ішінде 20 түйе, 60 жылқы, қалғандары қой мен ешкілер. Қазір ол отбасымен бірге Баян-Өлгий аймағынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Цамбагаров тауының етегінде қыстап жүр екен.
Қызы мен Әкесіне Қазақстанға көшіп, осы елдің азаматтағын алуға ұсыныс жасағандығын айтып берді.
«Біз қазақ болсақ та Моңғолияда туылдық және бізде моңғолдардың қаны бар. Менің ата-бабам да осы жерде туылып, осында өмір сүрген. Сол себепті Моңғолияда туылып, осында өскенім үшін мақтанамын. Алла бізге осындай керемет тағдыр сыйлады, оны ешқашан да ұмытпаймыз. Бізге Қазақстан азаматтығын алып, сол елге көшу жайлы ұсыныс білдірді, бірақ ол бізді қызықтырмайды. Себебі біздің Отанымыз – Моңғолия», - деп кесіп айтты Айшолпанның әкесі Нұрғайов.
