ҚАЗАҚ БИЛІГІНЕН КІМДЕР КЕТІП, КІМДЕР ҚАЛАДЫ?

/uploads/thumbnail/20170709194322757_small.jpg

Кімді қайда жібермек?

Барлық шен қызметкерлерін ауыстырғаннан соң АҚШ, Түркия, Ресей сынды мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілі кімнің болатындығына баса назар аудару қажет. Бұл елдер әлемді дүрліктіріп отырғандықтан, мұндай қызметке үміткерлер мұқият таңдалуы керек деп хабарлайды sayasat.kz, мәліметтің қазақша нұсқасын "Қамшы" порталы оқырман назарына ұсынады.

Алдын-ала болжам бойынша, Вашингтонға Ержан Қазыханов жіберілуі мүмкін. Ол американың саяси мәдениетін жақсы білетіндігін өз пайдасына асыра алады. Сонымен қатар БҰҰ Қазақстанның өкілі ретінде қызмет атқарып жүріп біраз белді тұлғалармен тығыз қарым-қатынас орнатып үлгерген.

Түркия еліне өкілетті елші болуға Алматы қаласындағы СІМ басқарушысы Арслан Дандыбаевтың үлкен мүмкіндігі бар. Ол Түркиядағы экс-елші Жансейіт Түймебаевтың қарамағында жұмыс істеп, Ыстамбұлдағы Бас Елшілікті басқарған.

Ресейдегі Дипломатиялық бөлім бастығы қызметіне ШҚО әкімі Даниал Ахметов сайлануы мүмкін. Ол ресейдің саяси заңдылықтарын өте жақсы біледі. Сонымен қатар Еуразия Экономикалық Комиссиясының жұмыс жасау тәртібімен жақсы таныс.

Жаңа министр кім болады?

Денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму министрлігі жайлы ұзақ ойлануға тура келді. Аталмыш мәселеге байланысты нақты шешім тез арада қабылданып, елге жария болуы мүмкін. Аталған Министрлік екіге бөлініп, Денсаулық сақтау министрлігі және Әлеуметтік қорғау мен еңбек министрлігі болып жұмысын жалғастырады деген де болжамдар бар. Екінші жағынан, бұл қызметке Тамара Дүйсенова келуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрі қызметіне Елжан Биртанов басты үміткер ретінде қаралып отыр. Ал, егер, аппаратта көп бедел жинап, одан да үлкен қызетке үміткер болған жағдайда, бұл орынға Президент Әкімшілігінде Ішкі Істер саясатының басқарушысы Аида Балаева тағайындалмақ. Ол үлкен саясатқа белсене араласқан, тәжірибесі мол қайсар әйелдердің бірі.

Бағлан Майлыбаевты қайда жібереді?

Марат Тәжиннің жаңа қызметке келуіне баса назар аударған жұртшылық Бағлан Майлыбаев жайлы ұмытып кетті. Егер барлығы оң шешімін тауып жатса, оны «Нұр Отан» партиясының идеология хатшысы қызметі күтіп тұр.

Аударған: Назерке Лабихан

Связанные Статьи