ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов ХҚКО-да көз жұмған ер адамның туыстарынан кешірім сұрады.
«БАҚ берген сұхбатым жайында мынаны айтқым келеді. ХҚКО қайтыс болған кісінің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Сонымен қатар, күтпеген сұраққа дұрыс жауап бермегенім үшін кешірім сұраймын. Болған оқиғаға қатысты тағы да көңіл айтамын, кешірім сұраймын» деп жазды Жамалов.

Бұған дейін депутат ХҚКО-да орын алған адам өлімі жайында пікір білдіріп, халықтың наразылығын тудырған еді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыдағы Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында 50 жастағы ер адам қайтыс болды.