Исрафил Бегей: Уахабилер мен салафиттер арамызда өсіп шыққан жыландар

/uploads/thumbnail/20170709195054298_small.jpg

ҚМДБ Жаңаөзен қаласы орталық мешітінің наиб имамы Исрафил Бегей уахабилер мен салафиттерді ауыр сынады. Оның сынға алуына сол секта өкілдерінің жақында дүниеде өткен Абдусаттар Сманов туралы ғайбат дүниелер айтуы, Смановтың ғалымдығы түгілі мұсылмандығына сын келтірген айыптаулары себеп болған.

Айта кететін болсақ, ҚМДБ-ның ғұламалар кеңесінің мүшесі, ОҚО, «Сарыағаш» медресесінің директоры болған Абдусаттар Сманов ұстаздың дін саласында жасаған еңбегі орасан. Сманов өткен жылы қарашаның 28-інде дүние салды. Оның жаназасына 15 мыңдай адам жиналған болатын. 

Сманов Абсаттар Шәкірұлы 1966 жылы қарашаның 5-жұлдызында Шымкент облысы Сарыағаш ауданы, Ленин совхозында (қазіргі ОҚО Сарыағаш ауданы Жартытөбе ауылдық округі Ынтымақ елді-мекенінде) дүниеге келген. 1973 жылы М.И.Калинин атындағы орта мектепке барып 1983 жылы бітірді.
1984 -1986 жылдары әскери борышын өтеді.
1987 жылы еркін күрестен спорт шебері кандидаттығын орындады.
1987-1989 жылдары аралығында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Сарыағаш балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде қазақша күрестен жаттықтырушы болып қызмет етті.
1989-1993 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы Имам әл-Бұхари атындағы Жоғары Ислам институтін үздік дипломмен тәмәмдады.
1995 –жылдан 2002 –жылға дейін «Таяқты Ешан» мешіті жанындағы сауат ашу курсын басқарды.
2002-2004 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің магистратурасын үздік бітірді.
2004 -2010 жылдар аралығында осы медреседе сауат ашу курсын басқарды.
2009 –жылдан бері ҚМДБ жанындағы ғұламалар кеңесінің мүшесі.
2008 -2010 жылдар арасында Құрани Кәрімді толық қазақ тіліне аударды. Осы аударма химия ғылымдарының докторы Дияс Мырзақожаның демеушілігімен Малайзияда 2010 – жылы 10000 данамен басып шығарылды.2011-жыл мамырдың 7 –жұлдызында Алматы қаласы Парасат отелінде тұсаукесері өтіп, халыққа тегін таратылды.
2010- жыл сәуір айының 29 –жұлдызында ҚМДБ ның төрағасы шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет — Сарыағаш медресесінің директоры — етіп тағайындады.
17.05.2011 жылы «Руханият»Халықаралық мұсылман университетінің Ғылыми кеңесі — теология профессоры — академиялық атағын берді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи