Сарбаз әскерден табытпен оралды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709195051562_small.jpg

Алматы облысында бір отбасы әскерге жіберген ұлдарын табытпен қарсы алды. Шекара қызметінде әскери борышын өтеп жүрген 21 жастағы сарбаз өз-өзіне қол салған. Ал оның жақындары үш айдан кейін үйіне оралуы тиіс жігіт бұл қадамға өздігінен барған жоқ деген сенімде. Шекара қызметінің басшылығы болса, істі мұқият тексереміз дейді. Қайтыс болған сарбазды бүгін жақындары жер қойнына тапсырды.

 

Көкірегі шерге толған әже кішкентайынан бауырына басқан немересін жоқтап тұр. Әскери борышын өтеуге аттанған Абылай Сыдықбектің қаза болғанына жақындары әлі де сенгісі келмейді. Ата-анасына телефон арқылы жиі хабарласатын сарбаз көктемде оралатынын айтқан. Ал қайтыс болардан бір сағат бұрын анасына қоңырау шалыпты.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи