Нигерия әуе күштері қателесіп бейбіт тұрғындарды қырып тастаған

/uploads/thumbnail/20170709195048610_small.jpg

Нигерия әскери әуе күштері көздеген нысанасынан жаңылып, Борно штатындағы босқындарға арналған лагерьге соққы бағыттады деп хабарлайды 24.kz.

Салдарынан 100-ге жуық бейбіт тұрғын қаза тапқан. 200-ден астамы жарақат алған. Олардың арасында халықаралық Қызыл крест ұйымының да мамандары бар. Жоспар бойынша, әуе соққылары мемлекеттің солтүстік-шығысында әрекет ететін «Боко Харам» лаңкестік тобына қарсы жұмсалуы тиіс еді. Қайғылы жағдайға байланысты елдің президенті Мухаммаду Бухари марқұм болғандардың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, жапа шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи