«Тастандылар» халықтың көңілін босатты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709195403856_small.jpg

«Өнер қырандары» әзіл-оспақ театры «Тастандылар» атты қойылымды сахналады. 30 минутқа жуық уақытқа созылатын қойылымнан қазіргі заманның ащы шындығын әзіл арқылы астарлап жеткізген. Оны көрген әр адам түрлі ой түйеді. Бірі «Тастандылардан» туған баласын тастап кетіп жатқан безбүйрек аналардың қатігездігін көрсе, енді бірі адамның сұлулығы сыртқы келбетінде емес, жүрегінде екенін байқайды. Далада қаңғырып жүрсе де өзгенің тастанды баласын бауырына басқан маскүнем, көше кезген жігерсіз екі ер адамның бір-біріне бауырмалдығы, өз нәпсісін жеңе алмай, өмір тәлкегімен күреспей оңай берілген адамдардың тағыдырын  да көруге болады. 

Связанные Статьи