Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловқа қатысты тексеру жүргізіледі

/uploads/thumbnail/20170709195406869_small.jpg

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловқа қатысты Орталық сайлау комиссиясы тексеру жүргізеді деп хабарлайды 31.kz. Тексеріс нәтижесі 24 қаңтарда белгілі болмақ. Тіркеуге келіп қайтыс болған алматылық азамат туралы айтқан пікірі қоғамның жаппай наразылығын тудырған. Бірақ тексеруге депутат Жамаловтың иелігіндегі бір серіктестік пен "Гауһар" атты ломбард себеп болған.

 

Жамаловтың атындағы серіктестік ұзақ уақыт мемлекетке салық төлемеген екен. Ал депутаттың ломбарды салық төлеуді кешіктірмеген. Алайда еліміздегі заң нормасы бойынша депутат меншігінде ешқандай мүлік болмау керек. Тіркеуге келіп қайтыс болған азаматқа қатысты пікірінен кейін ел назарына іліккен депутат артынша кешірім сұрады.

Связанные Статьи