Алматы-2 темір жол вокзалында жолаушылар вагоны өртенді, деп хабарлайды «Қамшы» порталы қалалық ТЖД-нің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың сөздеріне сілтеме жасай отырып.
«19 қаңтарда сағат 08:40-та 101 пультіне Алматы қаласы Жетісу ауданы «Абылай хан көшесі, 1» мекенжайында орналасқан «Алматы-2» темір жол вокзалы стансасында запастағы жолда реттеу үшін қойылған жолаушылар вагонынан өрт шыққаны туралы хабар түсті. Алғашқы өрт сөндіру қызметі оқиға орнына сағат 08-51-де жетті. Өзге вагондардан ағытылып, жеке тұрған вагонның қатты түтіндеп жатқаны байқалды. Өрт сөндірушілер вагонда адам қалып қоймағанын анықтап шықты. Өрт 08:56-да ауыздықталып, 9:10-да толығымен сөндірілді. Өрт аумағы 20 шаршы метр», - деді ТЖД-ның ресми өкілі. Өрттен жапа шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі қараусыз қалған вагон пешіндегі шоқ болуы ықтимал деген болжам жасалды.