ҚАЗАҚСТАН ШЕНЕУНІКТЕРІН НЕ СЕБЕПТІ ЖАППАЙ ТҰТҚЫНҒА АЛЫП ЖАТЫР?

/uploads/thumbnail/20170709195443465_small.jpg

2017 жыл билік басындағы шенділердің тұтқынға алынуы мен конституциялық реформадан басталды. Бұл жайында Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев елімізде «халық жаулары» бар деп мәлімдеді. Қазақстанда не болып жатыр? Бұл жайында lenta.ru хабарлайды, мақаланың қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

НКВД демократтары

2016 жылдың соңы мен жаңа жылдың бастапқы кезеңінде Президент әкімшілігінің басшысы Бағлан Майлыбаев, экономика министрі Қуандық Бишімбаев, Мемлекеттің бірыңғай зейнетақы жинақтау қорының директоры Руслан Ерденаев сынды шенділер қызметтерінен кетіп, кейіннен тұтқынға алынды. Сонымен қатар Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің экс-төрағасы Нартай Дүтбаев та мұндай жазаға ілікті.

Тұтқынға алынған шенеуніктерге түрлі қылмыс істеді деген айып тағылып отыр. Президент әкімшілігі мен ҰҚК басшылары мемлекеттік құпияны ашты деп айыпталуда. Кімге және нақты қандай құпияны олар жария етті? Саяси эксперттердің анықтауынша, Майлыбаев ісінде ең басты күдікті – Ресей  Федерациясы және де Президент әкімшілігінде «Кремльге қызмет ететін адамдар» жұмыс істейді екен. Ал, ҰҚК бұрынғы басшысы Дүтбаев қашқын олигарх Мұхтар Әбіләзовпен байланысып, қарым-қатынас орнатпақ болды деген күдікпен ұсталды. Экономика министрі мен БЗЖҚ басшысы ақша жымқырды деген айыппен үй қамағында отыр.

Жаңа жыл қарсаңында тұтқынға алушылар жайында Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев та өз пікірін білдірді. Facebook әлеуметтік желісінде жазылған посты «Орталық Комитетте дұшпандар жүр» деген мағынада жазылған. «Ешбір жерде «халық жауы» деген сөз қолданылмайды, ол ескіріп қалған, алайда бұл сөзді билік басында отырып ұрлық жасаған шенділерге қаратып айту өте орынды», - деп мәлімдеді елбасының жиені.

Нақты есімдерін де атап көрсетті. Президенттің жиені Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев пен Президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбаевқа үлкен күдікпен қарайды. Оның айтуынша, көшеде жүрген адамдардың басым көпшілігі вице-премьер Иманғали Тасмағанбетов, кәсіпкер және Республика қауіпсіздігінің экс-хатшысы Болат Өтемұратов сынды шенділер «халықтан ұрлап жеп жүргендер» деп айтады. «2000 жылдары Өтемұратов НКВД-ны қалай басқарған?» Дәл осылай еліміздегі демократизация жөніндегі Ұлттық Комитетті кекесінмен атайды екен.

Сонымен қатар, кіші Назарбаев ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов «президенттің айналасын коррупционерлерден тазартады» дейді. «Мұндай қиын жұмысты Мәсімов Қазақстан президентінің айналасы толық тазарып болмайынша жалғастыра бермек», - деп жазады ол.

Әлеуметтік желілерде 1937 жылғы жағдай мен «Ежов батырдың» ерлігін айтып жатыр. Әрине, республика басында отырған барлық шенділер бір кездегі комсомолдар, ал мемлекеттің өзі – 1936 жылы құрылған ҚазАКСР-нің мұрасы. Сонымен бұл қалай болғаны?

Министрлердің түрмедегі кеңсесі

2000-2010 жылдар аралығында қылмыстық тергеуге алынған шенділердің қарасы көп: еліміздегі билік басында отырған Серік Ахметов пен Әкежан Қажегельдин, ІІМ мен ҰҚК төрағалары мен олардың орынбасарлары, түрлі агенттіктер, мемлекеттік компаниялар, қала мен аймақ басшылары – барлығы 30 адам. Қазақстандық тілшілер «түрмеде толыққанды жабдықталып министрлерге арналған бір кеңсе ашып қоюға болады» деп әзілдейді.

Қазақстандық саясаткер Данияр Әшімбаевтың пікірінше, шенеуніктердің басым көпшілігінің тұтқынға алынуының себебі – «билік басындағылар өз қызметтерін асыра пайдаланып,  еліміздің экономикасын ақша жымқырудың көзіне айналдырған, ал әкімшілікте пара алуды – міндетті құқығы санаған.»

«2016 жылдың соңынан басталған шенділердің қамауға алынуына қатысты екі жақты пікір қалыптастыруға болады. Біріншісі – мемлекеттік қаржының қайда, қалай жұмсалғанын қатаң бақылауға алу; екіншісі – елімізде билікке таластың басталғаны. Елбасы «Мұрагерлік» операциясы басталғандығыннан хабар берген жоқ, алайда олигарх қауымы басшыларының арасында өзара толқулар басталып кетті», - деп мәлімдеді эксперт.

Қазақстанның соңғы үміті

Соңғы жылдары Қазақстанның әр аумағында халық арасында толқулар басталған, 2011 жылы Жаңаөзен қаласында болған оқиға – ең ірі бас көтерулердің бірі. 2016 жылы болған көтерілістің себебі – шет ел азаматтарына Қазақ жерін жалға алуларына мүмкіндік беруі. Алайда, көпшіліктің айтуынша, жер мәселесі – әр облыстың тұрғындары экономиканың құлдырауына өз наразылықтарын білдіре бастағаннан соң туындаған формалды сылтау. 2015 жылдың соңына қарай ұлттық валютамыз девальвацияға ұшырап, нарықтағы баға бірден көтеріліп кеткен болатын. Ақпан айында Bloomberg агенттігі Қазақстанды экономикасы құлдыраған 10 елдің қатарына қосты.

Бұл жағдайда Назарбаев даулы нормаларға мараторий жариялауға, сонымен қатар министрлер кеңсесінде толыққанды жүргізілмеген жұмыстарға қатысты түсінік беруге мәжбүр болды.

Соңғы жылдары Қазақстанның батыс аймағында экстремистік топ өкілдері ылаң туғызып, еліміздегі тыныштықты бұзғаны баршамызға мәлім. Ақтөбе қаласында болған ауқымды терракт болғанына қарағанда, оларға қарсы күрес жүргізу ісін биліктегілер дұрыс орындай алмай жатыр.

2017 жылы Қазақстанның тағдырына қатысты биліктегілердің болжамы оптимизмге толы, алайда экономистер жалпы ішкі өнімнің қарқынды өсетініне сенімді. Бірақ, егер Каспий теңізіндегі Қашаған толыққанды дұрыс жұмыс атқаратын болса ғана... Яғни Қазақстанның соңғы үміті – Қашаған жобасы.

«Екінші Назарбаев болмайды»

Елімізде осындай жағдайлар орын алып жатқанына қарамастан 2017 жылдың басынан Астана қаласында конституциялық реформаны бастап кетті. Билік басында отырған шенеуніктердің қызметтерін ауыстырып, шенеуніктердің жаңа толқыны келетіні бірнеше күн бұрын мәлім болған. 2012 жылдың өзінде-ақ Елбасының кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев аталмыш реформаның мәнін ресейлік журналистерге түсіндірген болатын. «Екінші Назарбаев болмайды», - деп, өте көркем түрде мәлімдеме жасаған болатын. «Кім болса да, еліміздің келесі президенті қазіргі елбасымыз секілді үлкен билік пен құзіреттілікке ие бола алмайды. Ол кезде парламент билігі мен статусы лезде өседі», - деп хабарлады Ермұхамет Ертісбаев.

Жаппай тұтқынға алу, конституциялық реформа және тазалау процесінен бір нәрсені аңғаруға болады: Астана қаласында билікті жаңа қолға тапсыруға дайындық жүріп жатыр. Ұзақ жылдар бойы мемлекет билігі  саяси және әлеуметтік тұрақтылықты үлкен жетістік деп атап жүрді – республика ішкі және сыртқы саясатта да болашағы жарқын мемлекет образынан шыға алмады. Алайда, енді тұрақтылықтың мерзімі бітті, ең басты жетістікке жету ісі тоқтатылды – мемлекет жаңа кезеңге өту үстінде. «Орта Азиялық Сингапур» жобасы басталғанына қарағанда, Ертісбаевтың айтуындағы «Азиядағы нағыз еуропаланған мемлекет» жобасы енді жабық. «Халық жауы» мен коррупционерлерден тазарту жұмысы арқылы басталған постсоветтік республика билік аппаратындағылар жаңа арнаға бұрылуда. НКВД жайлы «демократизациялау комиссиясы» сынды 10 жыл бұрын айтылған постмодернистік әзіл бүгінгі таңда шындыққа айналып бара жатыр.

Авторы: Алексей Санин

Аударған: Назерке Лабихан

Связанные Статьи