Влад Пономарьдың айтуынша, Қытай билігі Шығыс Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысуға ниетті екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды replyua.net, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.
Гарант: «Украина мен Қытай Халық Республикасының достық қарым-қатынаста болып, жемісті жұмыс атқаратынына сенімдімін», - деп мәлімдеді.
Пономарь: «ҚХР презхиденті Си Цзиньпин Швейцарияда өткен Бүкіләлемдің экономикалық форумда Петр Поррошенкомен кездескен екен. ҚХР көшбасшысы Украина халқының евроинтеграцияның пайдасына қарай жасаған таңдауларын қолдайтынын айтты. Сонымен қатар ҚХР президенті Украина жерінде болып жатқан қарулы қақтығысқа қатысатын ниеті бар екенін, Украинадағы дағдарысқа қарсы көмектесетінін баса айтты. Украинлық баспасөз қызметі Украина халқының ҚХР-мен қостық қарым-қатынас орнатып, Донбасстағы саяси текетіреске байланысты жемісті жұмыс істеуге бекініп отырғандығын хабарлады», - деп жазады.
Украинаның Президент Әкімшілігі жуық арада екі ел арасында келісімге келу мақсатында сапарға шығатындықтарын мәлімдеді. Украиналық тәуелсіз ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ҚХР Украина ішкі экономикалық серіктестерінің ішіндегі 10 маңызды елдің қатарында – Украина Қытайға көптеген тауарларды экспорттайды екен. Өткен жылдың соңынан бастап екі ел арасында еркін сауда-саттық жүргізу мәселесіне қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр.
Аударған: Назерке Лабихан