«Екінші Витас емеспін!» – Димаш Құдайбергенов

/uploads/thumbnail/20170709200400093_small.png

Қытайдағы I Am a Singer музыкалық конкурсына қатысып жатқан қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов өзін Витаспен салыстырмауды сұрады.

Оның айтуынша, ресейлік әнші Витаспен салыстыратындар көп. "Қайырлы кеш, Достар! Қазақтың Витасы", "Витас сиақты айтады", "Екінші Витас" деген маған теңеу сөздеріңізді естіп жатамын! Әрине, Витас жақсы әнші, оны құрметтеймін, бірақ мен "Екінші Витас" емеспін! Музыкадан xабары бар мамандар мені жақсы түсінеді!..", - деп жазды әнші. 

Сонымен қатар, ол келесі байқау күніне режиссерлердің ұйғарымымен Витастың ең күрделі саналатын "Опера 2" композициясын орындайтынын мәлімдеді. Айтуынша, ол бұл атақты әнді Витастың дауысынан 4 модуляциямен 2 тон жоғары айтуға бел буып отыр. "Қалай болатынын бағалай жатарсыздар! Айтпақшы, келесі байқау күні 28 қаңтар күні Бейжің уақытымен 22:05-те! Hunan tv online арқылы тамашалай аласыздар!", - деді әнші.

Димаш Құдайбергенов телешоудың бірінші кезеңінде SOS d'un terrien en détresse әнін француз тілінде орындап, жеңімпаз атанған болатын. Әнші қатысып жатқан конкурста 14 кезең бар. Конкурс Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатыр. 

Связанные Статьи