ДЕПУТАТТАР МЕН МИНИСТРЛЕРДІҢ КҮНДЕЛІКТІ ТАМАҒЫ ҚАНША ТҰРАДЫ?

/uploads/thumbnail/20170709200405626_small.jpg

Министрде адам, ол да тамақтануы керек. Лажы болса тойымды және денсаулыққа пайдалы болса. Ол халыққа қызмет етіп жүрген адам ғой.

caravan.kz министрлер қайда түскі асын ішіп, ол қанша тұратынын білді. Сонымен қатар, ассортиментімен, билік, парламент және қарапайым халық тұтынатын  асханадағы  тамақтардың  бағасын біліп қайтты.

Мейрамханаға бармайын десе, халықтан қорқады

Ең алдымен біз Астананың Сол жақ жағалауындағы  мемлекеттік қызметкерлер мен халық қалаулылары отыратын аймақта орналасқан мейрамханаға кірдік.

Жоғары санатты мейрамхананың табалдырығынан аттап, шенеуніктердің бұл мейрамхананың тұрақты тұтынушылары екенін білдік. Олар күнделікті түскі асын осы мейрамханада ішеді екен. 

«Әдетте бізге Министрлер үйінен депуттар, дипломаттар, «ҚазМұнайГаз» кәсіпкерлері келеді. Мәселен, Зағипа өзінің депутат құрбыларымен отырады. Кешке кинодан шыққаннан кейін, отбасымен келеді. Жаңа жылда әзірше оларды көрмедім. Кетіп қалған шығар. Нұрлан Смағұлов пен Болат Өтемұратовтар мейрамханамызға келіп дәм татқан. А.Мәсімов пен Жақсыбековті көрмедім» дейді «рокко-барокко» стиліндегі мейрамхананың әкімшісі Марлен. 

Марлен италияндық белгілі дизайнерді емес, рококо және барокко сәулеттік стилін айтқан болар. Мейрамхана қабырғасында жоғары шенді азаматтар өзін сыпайы ұстап, шай пұлға үнемі жомарттық танытады. 

«Іскер, сыпайы, күндіз көбіне ішпейді (алкоголь). Кешкісін мұндай санаттағы қонақтар сирек келеді. Біз орталықта, Байтеректің жанында орналасқанбыз ғой. Мүмкін қорқатын шығар. Малайзия, Израиль, Швейцария, қытайлықтар, француздар біздің тұрақты қонақтарымыз» дейді Марлен. 

«Көптеген адамдар бізге келуге қорқады. Бәлкім интерьер үркітетін шығар. Бірақ бағаларымыз айтарлықтай қорқынышты емес» деп сөзін жалғастырды Марлен. 

«Қорқынышты баға емес» екен. Мәселен шарап – 570 мың теңге және фуа-гра 12 мың теңге. Салаттардың бағасы - 1 800-ден, қой етінен жасалған тағамдар – 2 800-ден басталады, жылқы етінен жасалынған тамақ – 5 мың теңге тұрады. 

«Ең қымбат шарапқа ресейліктер, украиндықтар  тапсырыс береді. Өз отандастарымыз да қымбат шарапты жақсы көреді. Өткен жылы украиндық топ миллионнан асатын соммаға тапсырыс берді. Ең қымбат шарап ішті. Ас 100 мыңға шықты. Бізде еуропалық тағамдарды дайындайды. ЭКСПО алдында барлығы алға жылжып жатыр. Біз де ас мәзірімізді толықтырып жатырмыз. Халықты енді мидиялармен таң қалдыра алмайсың. Дағдарысқа байланысты бағаны 20-25% төмендетіп жатырмыз. Мейрамханамызды барлық халық санаттарына қолжетімді еткіміз келеді» деп алдағы жоспарымен бөлісті мейрамхана өкілі. 

Голливудтан Майамиға дейін

«Жұлдызды» атауы бар басқа мейрамханаға келдік. Маңдайшадағы жазу мен мейрамхана бір-біріне расымен-ақ сәйкес келіп тұр. Белгілі болғандай, мұнда да жоғары бағаны қалтасы көтеретін VIP-тұтынушылар келеді.

Мәзір тек бағасы тұрғысынан ғана емес, тағамдардың атауынан да, келетін қонақтарың шектеусіз мүмкіндіктерін білдіріп тұрғандай.

«Голливуд», «Итальяно», «Майами» салаттары (3800-ден 7 мыңға дейін), “Пате Фуа Де Пари” жеңіл тамақтары (2 100), роллдар «Блэк Биф Сигара» (4900), балдаркөктен және шөптен жасалынған нан планшедегі теңіз тарақгүлділер (6 800 тенге) тұрады. Тамақтың атауының өзінен тәбет ашылады. 

«Ғани Қасымов, білім министрі Ерлан Сағадиев, мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы біздің тұрақты қонақтарымыз. Депутаттарды костюмдеріне тағып алған белгіден білемін. Сонымен қатар, Илья Ильин, әнші Алмас Кішкенбаев та келген» дейді даяшы Дамир.

Баға қуантты, сапасы көңіл қалдырды

Ал премьер-министр мен оның командасы қайда тамақтанады? Бақытжан Сағынтаевтың тағамдағы қалауларын білуге мүмкіндік болмады. Себебі министрлер кабинетінің жиналысынан кейін баспасөз қызметінің өкілі премьер-министрді журналистерден барынша қорғап бақты. 

Ал ауыл шаруашылығы министрі  Асқар Мырзахметов Үкімет үйінде немесе министрлікте тамақтанатынын білдік.   

«Не бар, соны жеймін. Үкімет үйінің асханасында түскі ас 2 мың теңгеге шығады. Ал кешкі асты  үнемі үйде ішемін» деп ағынан жарылды Асқар Исабекұлы.

 Үкімет үйінің ас мәзіріне біз де баға бердік. Тамақтардың бағасы көз қуантады. «Ақсерке» салаты – 135 теңге, грек салаты – 199 теңге, етпен дайындалған харчо сорпасы – 256 теңге, қара өріктегі қой еті  - 464 теңге, палау – 380 теңге тұрады. Мәзірде сүт өнімдері де бар. 250 грамм айранды 83  теңгеге сатып алуға болады. 

Ал тамақтардың сапасы көңілден шықпады. Дәмін татып көру үшін сатып алған 56 теңгелік ботқа өте сұйық болып шықты. Ал күріш пен еттен жасалынған бәліш қатты күйіп кеткен. Барлығы шаймен қосқанда  215 теңгеге шықты. 

Айтпақшы, әрбір үстелде дұрыс тамақтану туралы жадынама жатыр. Бұл VIP-тамақтар ұсынатын жерлердің жоралғысы. Депутаттарға ботқаның пайдасы мен фаст-фудтың зиянын ескертеді.

Уақыт тапшылығы мен қамқор әйелдер

Үкімет мүшелеріне қайтып оралайық. Қаржы министрі Бахыт Сұлтанов уақыт тапшылығына байланысты, көбіне Үкімет үйінде тамақтанады. 

«Немесе әйелі оған тамақ салып беріп жібереді» дейді Юлиана Жихорь.

Біз қаржы министрі үшін қуаныштымыз. Себебі барлығында бірдей мұндай қамқор әйел жоқ. 

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев «ҚазМұнайГаздың» жанында орналасқан мейрамханаға барғанды жөн көреді.

Министрлер кабинетінің бұрынғы басшысы, қазіргі ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов бұрын Астананың Оң жақ жағалауында орналасқан қонақ үйдің мейрамханасында тамақтанған екен. Кәрім Мәсімовтің ас талғамын білмедік. Онымен қоса ұлттық қауіпсіздікке жауап беретін адамның ас мәзіріне не кіретінін көпшілік білмегені де абзал.   

Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы, қазіргі «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов әртүрлі дереккөзден алынған мәлімет бойынша, бұрында Оң жақтағы жағалауда орналасқан мейрамханаларда әдетте италияндық тағамдарға тапсырыс береді екен.  

Министрлер кабинетіне жақын жүрген адамдардың айтуынша, шенеуніктер пиццерияға барғанды ұнатады.

Инвестиция мен даму министрінің орынбасары Альберт Рау кешкі асын ішпейді. Тек шаймен ғана шектеледі. Ал түскі асты жұмыс орнынан шалғайда орналасқан жапондық мейрамханада ішеді.

«Түскі асқа 40 минут жұмсаймын. Үзіліс кезінде жұмыс істеп үлгеремін. Орташа чек 4,5 мың теңгеге шығады» дейді Альберт Рау.

Дағдарыс, басқа да факторлар парламент асханасындағы тағам бағасына әсер етпеді. Салаттар – 114-тен 198 теңге аралығында. Сұйық тағамдар 266 теңгеден қымбат емес. Қою тамақтар – 400 теңге көлемінде. Құс етінен дайындалған кәуап  - 673 теңге тұрады. Ал көксерке 626 теңгеге шығады. 

Министрлер үйіндегі асханада баға VIP тамақтану мекемелеріндегі бағадан өзгерек. Мемлекеттік қызметкерлердің өзі мәзірдегі тағам алуандылығы жоқ, ал бағасы қымбат екенін бірнеше жылдан бері айтып келеді.

«Жарты сұйық тамақ, гарнирмен ет және компот – 800 теңге тұрады. Бір аптада түскі тамаққа  4 мың теңге кетеді. Көбі ақшасын үнемдеу үшін тамақты үйден алып келеді. Үш жыл бойы тамақ бағасы өзгермей келеді. Ал астың порциялары мен тамақ алуандылығы өзгеріссіз. Грек салаты, француз еті мәзірде жоқ. Тұрақты тұтынушылар үшін қымбат деп шешкен болар» деп топшылайды мемлекеттік қызметкер.

Мемлекеттік қызметкерлер демалыс күндері Оң жақ жағалауда дәмді тағамдардан дәм тата алады. Оңтүстік астананың атауы қойылған кафе әлі күнге дейін халық арасында зор сұранысқа ие. Себебі бағасы да жақсы, тамақтары да дәмді.

Лағман мен басқа да тағамдар  - 350 теңге, қою тағам орташа есеппен  - 400, 500 теңге тұрады. Ең қымбат тағам қуырдақ. Ол – 900 теңге тұрады. Салаттар 380 теңгеден аспайды.

Шенеуніктер, депутаттар  мен қатардағы азаматтардың өмір сүру деңгейі жер мен көктей. Екеуі екі әлемде тұрып жатыр. Бірі қара нанды місе тұтса, енді бірі түскі асқа фуа-гра мен арқан балық жейді. 

Аударған: Әсем Әлмұханбет

 

Связанные Статьи