Приднестровьтан келген босқынның ұлы орыстардан қорқатын испандық мектептегі мұғалімдердің құрбанына айналды. Баланың ата-анасы бұған кәміл сенімді болып отыр, деп хабарлайды life.ru, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.
Айқай-шу Марбелла қаласындағы Вальдеолетта мектебінде болған. Мария Ангелес атты мұғалім босқындардың бірінің ұлын орыс деп ойлап сабап тастаған.
Соққыға ұшыраған бірінші сынып оқушысы Чарльз Бутаның ата-анасы Приднестровьтың тумалары. Солармен бірге бала Испанияға ерте көшіп келген, сол себепті де испан тілін ана тіліндей жетік меңгерген, ал орыс тілін мүлдем білмейді екен. Алайда, мектепте бұл баланы орыстың дәл өзі деп ойлаған. Анасының айтуынша, кикілжіңдер өте көп болатын, ал бірнеше күн бұрын балсының бетінен соққының ізін байқаған.

– Мен баламды мектептен үнемі өзім алып қайтамын. Бір күні барсам баламның беті ісіп кеткен, - дейді Наталья Руденко. – Баланың мазасы жоқ, мені итермелеп, мектептен тезірек кетіп қалуымызды өтінді, бірақ мен мұның мән-жайын білейін дедім. Мұғалімнен не болғанын сұрасам, маған «Білмеймін, балаңнан сұра» деп жауап берді.

Кейіннен Натальяның ұлы мектепке еріксіз барып, іштей тынып жүрген. Тіпті, далаға да көп шықпауға тырысатын.Ата-анасы балаларының біреуден қорқып жүргенін байқап, сыныптастарымен ұрсысып қалды деп түйген. Балаларының мұғалімнен таяқ жеуі мүмкін дегенді мүлдем ойламаған да.
Не болғанын бала анасына бірнеше ай өткеннен соң айтып берген. Наталья мұғалімді «Балаға зорлық көрсетті» деген айыппен жауапқа тартуын талап етіп полицияға арыз жазған.

Сонымен қатар Чарльздың анасы адвокатпен бірге мектеп директорымен сөйлесуге барған, ал олар кінәларын мойындамай, жалтара бастапты. Дегенмен, мектеп қызметкерлері Натальяның ұлында ешқандай да орыстың қаны жоқ, бала молдова ұлтынан екеніне таңқалғандарын жасырмаған.

– Бүгін менімен бірге тілмаш болды. Сол баланың ешқандай да орыс еместігін білесіздер ме деп сұраған. Оның ұлты бөлек және ол ешқашан да орысша сөйлеп көрген емес дегенінде мектеп қызметкерлерінің жүзінен үлкен таңданыс байқалды, - дейді Наталья.
Мария Ангелес мұғалімді қызметінен босатпайынша бүлдіршін Чарльзды мектепке психологиялық қызмет көрсететін маман алып барып жүреді. Натальяның өзін баласына қатты уайымдағандықтан жүрек ауруына қатысты ауруханаға жатқызыпты.
Испандық Вальдеолотта Лайфу мектебінің басшылығымен тілдесу мүмкін болмапты.
Аударған: Назерке Лабихан