Германияда теракт жасамақшы болған ер адам ұсталды

/uploads/thumbnail/20170709200432276_small.jpg

Германияның Нойс қаласында лаңкестік әрекетті жоспарлаған ер адам ұсталды. Алдын ала деректер бойынша қылмыскер өткен жұма күні Венадағы терактіге қатысы бар деген күдіктінің сыбайласы болған. Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Ұсталған күдікті туралы әзірге толық ақпарат жоқ. Істі тергеуге алған полиция оның қайдан келгенін және қай ұлт өкілі екенін хабарламады. Тек белгілі болғаны 21 жастағы ер азамат Германияда теракт жасап, полицейлер мен Бундесвер әскерилеріне қарсы жарылыс ұйымдастыруды көздеген. Бұл ақпарат Венада 17 жастағы жасөспірімді ұстау кезінде анықталған. Ұсталған екі лаңкес қаскөйлік пиғылын бірлесе жүзеге асырмақ болған. Нойс қаласында ұсталған күдіктінің әйелі де қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

 

Связанные Статьи