Омбыда 62 жастағы зейнеткер сноубордтың құлағында ойнайды

/uploads/thumbnail/20170709200429291_small.jpg

4 немере тәрбиелеп отырған әжей «тақтайдың» үстіне тұрып, «Ютубтан» видео қарап, жаңа трюктарға үйреніп жүр.

62 жастағы Наталья Шантаренко зейнеткер образына қатысты қағидаларды бұзды. Және кәріліктің де қуаныш сыйлайтынын бәріне дәлелдеп жүр. Әжей 4 немере тәрбиелеп отыр, еңбек етуін де жалғастырып жатыр, ал бос уақытында ролик пен сноубордты ермек қылады.

Ол мамандығы бойынша инженер. Әрине, «төлқұжаттағы» жасынан әлдеқайда жас көрінеді. Жайдары, позитивті және ашық. Үнемі ортасынан ерекшеленіп тұрады. Сноубордта сырғанаудан ол ләззат алады екен. Сәуір айында 63 жасқа толатын әжей жұмыс істеуін де жалғастырып жатыр. Сонымен қоса, жүзумен айналысып, велосипед тебетін әжей жыл бойы қолы босамайтынын айтты.

Связанные Статьи