Әлеуметтік желілерде Джордж Буштың ауруханадағы суреті тарады

/uploads/thumbnail/20170709200425231_small.jpg

Джордж Буштың Ауруханаға түскеннен кейінгі ең алғашқы фотосы жария болды. АҚШ-тың бұрынғы президентінің жанында отырған – оның  әйел Барбара, деп хабарлайды life.ru, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Буш пен жұбайы қолдау көрсетіп, дұға жасағандары үшін америкалықтарға өз алғыстарын білдірді.

Өткен аптада 92 жастағы АҚШ-тың экс-президенті Джордж Буш пен оның жұбайы Барбараны Техас ауруханаларының біріне алып жеткізген болатын. Қазір саясаткерді интенсивті терапия бөлімінен ауыстырған.

АҚШ-тың 41-ші президенті жұбайымен бірге Дональд Трамптың инаугурациясына қатыса алмайтындықтарын өкінішпен жеткізген. Сонымен қатар осы жылдың қаңтар айында жан тәсілім етуі де әбден мүмкін екен.

Связанные Статьи