Күллі түркінің мәдени астанасы Түркістанда дүбірлі той өтеді

/uploads/thumbnail/20170709200421163_small.jpg

Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы болуына орай қаңтар айының 23 күні Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті директорының міндетін атқарушы Алмаз Нұразханның «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарына үш жақты қол қою рәсімі өтті. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспасөз қызметі жазды.

Айта кетсек, наурыз айынан бастап Түркістан қаласында  аталған шараның салтанатты ашылу рәсімі өтеді.  Ұлыстың ұлы күні  - Наурыз тойы мерекеленіп, түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында  түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Аталған жиын аяқталғасын ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті директорының міндетін атқарушы Алмаз Нұразхан, Түркі әлемінің мәдени астанасы – Түркістан жеріне ат басын бұрды. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Жандос Әубәкір келген қонақтарға музей құрамындағы көне тарихи-мәдени ескерткіштер жайлы қысқаша баяндап, «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында өткізілетін іс-шараларға белсенді түрде атсалысатынын жеткізді.

Связанные Статьи