Шулы карикатура авторы: Болмановтан кешірім сұрамаймын

/uploads/thumbnail/20170709200510397_small.jpg

Суретші, иллюстратор Мұрат Дильманов әнші Қыдырәлі Болмановқа жасаған карикатурасында оны қорлайтын ештеңе жоқ екенін айтады.

Әнші алматылық суретші Мұрат Дильмановтың еңбегін бағаламады. Суретші карикатураны қаңтар айының басында өзінің Facebook парақшасына жариялаған еді.

Суретте Қыдырәлі Болмановқа ұқсайтын ер адам бейнеленген. Ол керуетте ойланып отыр. Карикатурада біреу оған «Ұйықта! Уақытша тіркеудің саған қатысы жоқ!» деп айтылғаны анық көрсетілген. Өз кезегінде ер адам «Барлық үміт мен де!...» деп айтады.

Иллюстрация авторы бізді өткен жылда болған оқиғаға алып келеді. Әншінің әйелі және продюсері күйеуіне тоқал сыйлағысы келетінін айтып, халықты таң қалдырған сәтті еске салады.

Басында Болманов мәселе тоқал жөнінде емес, жаңа көлік екенін айтуға асықты. Одан кейін кенеттен халықтың назарын жер дауынан  басқаға аударығысы келгені турасында мәлімдеме жасады. Осыдан кейін халық арасында ол қызу талқыланып, мысқыл мәндегі әңгімеге арқау болды.

Қыдырәлі Болманов атынан наразылықты оның адвокаты Аманбол Әбеуов білдірді. Аталмыш карикатура әнші үшін қорлаумен бір екенін жеткізді.

Бұл жағдайда Қыдырәлі Болмановтың балаларына моральдық шығын туралы және жеке өмірге араласу туралы айтылуы мүмкін.

Суретшінің өзі сұхбатында айыптаулармен келіспейінін жеткізді және өз жұмысында адамды қорлайтын ештеңе байқамағанын айтады.

Мұрат, сізді сотқа бермекші. Адвокат іздеп жатырсыз ба, әлде біреумен кеңесіп үлгердіңіз бе?

Адвокаттарды мен іздеп жүргенім жоқ және іздемеймін де. Сонымен қатар, заңгерлермен кеңеспедім. Яғни ешқандай қарбалас жоқ. Мәселені байыпты түрде шешемін.

Карикатурадағы кім екенін айта аласыз ба?

Онда Қыдырәлі Болмановқа ұқсайтын адам бейнеленген. Қазір тек осыны ғана айта аламын.

Әншінің адвокаты жұмысыңызда адамды қорлайтын мән жатқанын айтады?

Мен олай ойламаймын. Мұны дәлелдеу керек. Мен карикатураны «Қазақстанның тағдырына алаңдап отырған адам» деп атағанмын.

Карикатура хоббиіңіз бе?

Иә, бұл менің кәсібім емес. Мен иллюстратор, кәсіби суретшімін. Ал карикатура қызығушылығым, елдегі болып жатқан оқиғаларға қатысты өзімнің азаматтық көзқарасымды білдіру әдісі. Уақытша тіркеу туралы заң көңілімнен шықпайды. Оны адамдарға күштеп енгізді. Мен өз позициямды мысқыл ретінде жеткіздім. Ол біреудің ар ожданына тиіпті. Шын айтайын, мұндай реакцияны күтпедім.

Арқа тұсындағы әйел турасында әншінің сұрақтары бар екен. Оның өз болжамдары да бар. Сіз не айтасыз?

Менің ойымша, бұл жай ғана жорамал. Оны қыз деп атауға келмейді. Себебі онда гендерлік ештеңе жоқ. Оны ер дам деуге де келмейді. Оны тек «арқа» деп атауға ғана болады. Дұрысы – «жарық дағы» деу қажет.

Сіздің атақты Ұятменіңіз бірнеше карикатураға арқау болды. Қыдырәлі Болмановқа ұқсайтын адамды басқа да карикатураға қосу ойыңызда бар ма?

Жоқ, аталмыш карикатура кейіпкерінің тарихын жалғастырмаймын. Мен оны жасауды ойламағанмын, жасамаймын да.

Сіз наразылықтан хабардарсыз. Сізбен біреу байланысты ма?

Иә, сотқа дейінгі наразылық ескерту қағазы келу керек. Бірақ маған әлі келмеді. Менімен ешкім байланыспады да.

Сіздің ең алғашқы реакцияңыз: «Кешірім сұрамаймын» болды. Бұл шешіміңіз әлі де өз күшінде ме? Әлде бірдеңе өзгерді ме?

Бірдеңе өзгереме, жоқ па оны білмеймін. Бірақ мен былай дедім: «Өз шығармашылығым менің жауапкершілігімде және ол үшін мен кешірім сұрамаймын. Себебі карикатурадан адамды қорлайтындай ештеңе көріп отырғаным жоқ».

Әншінің адвокаты Қыдырәлі Болманов сізбен кездескісі келетінін айтты. Сіз онымен жүздесуге дайынсыз ба?

Иә, әрине. Дайынмын.

Орын алған жағдай туралы не ойлайсыз?

Бұл карикатурист үшін  қалыпты жағдай. Тың ештеңе болмады.

Демек, жұмыстарыңыз біреуге ұнамаған жағдайлар жиі болып тұрады ғой?

Жоқ, мен бұған бойымды үйретіп үлгермедім.

 

 

Связанные Статьи