Қазақстан және Ресеймен шектесер аймақтарға Қытай құрлықаралық ракеталарын қойды

/uploads/thumbnail/20170709200504683_small.jpg

"Дунфэн-41" (Dongfeng-41, DF-41) қытай құрлық аралық ракеталар бригадасының бірі Ресеймен шекаралас Хэйлунцзян елді мекенінде орналастырылған болуы мүмкін. Бұл туралы Kaz.tengrinews.kz хабарлады. Мәліметтер  Гонконгтың "Пинго жибао" (Apple Daily) газетіндегі ақпаратқа негізделген.

Қытайдың Халық-азаттық армиясының "Дунфэн-41" ракеталары бар үш бригаданы орнататыны хабарланып отыр. Бөлімшелердің бірі Хэнань орталық провинциясындағы Синьян қаласында екен. Ракетелардың шекараға қойылу себебі айтылмайды.

Ал екінші бригада Хэйлунцзян провинциясындағы Дацин қаласында, үшіншісі Қытайдың солтүстік-батысындағы Ұйғыр ауданында орналасқан Шыңжаңда орнатылуы тиіс болған делінеді. Айта кетейік, "Дунфэн-41" ракетасының ұшу қашықтығы 14 мың шақырымға жетеді.

Связанные Статьи