Головкиннің келесі қарсыласы - Сондерс

/uploads/thumbnail/20170709200459718_small.jpg

Кәсіпқой боксқа шолу жасап, тың ақпараттар жазатын Boxing Legends TV твиттер-аккаунты биыл жазда Геннадий Головкин – Билли Джо Сондерс жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды prosports.kz

«Билли Джо Сондерстің Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жегі жазда Қазақстанда өтеді деп жоспарлануда», - деп хабарламада жазылған.

«Сондерс Джейкобс – GGG жұбының жеңімпазымен кездеседі деп хабарлайтын шығар. Бірақ қаржысы, өтетін орны және тағы басқалары келісілді», - делінген.

Егер бұл ақпарат расталса, жекпе-жек Астанада ЭКСПО-2017 аясында өтуі ықтимал.

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) осы салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жазда Қазақстанда жекпе-жек өткізуге келіскен. Сондерс Boxing News басылымына берген сұхбатында Головкиннің қарсыластарды «таптап» жүргенінен қорықпайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Тengrinews.kz хабарлайды. 

«Мен осы күнге дейін жүрексінбей Головкинмен жұдырықтаса алатын адамды көрмедім. Головкин қарсыласын соққыға жықса, олар бірден жеңіліп, беріле салады. Бірақ ол мені мұнымен қорқыта алмайды, рас айтамын. Мен оны қашықтықта ұстап тұруға тырысамын. Дегенмен ол мені қорқыта алмайды. Меніңше, Головкин – ғаламшар бойынша үздік боксшы, бірақ мықты боксшы атану үшін мықтылармен жұдырықтасу керек. Ол маған керек адам», - деді Сондерс.

Алайды, орта салмақ бойынша WBA әлем чемпионы Генадий Головкин Билли Джо Сондерстің шынымен онымен жұдырықтасқысы келеді дегеніне сенбейді, деп жазады sports.kz

«Билли Джо Сондерс менімен жекпе-жекке шыққысы келеді дегені қалжың, ол мұны әзілдеп айтқан. Мен «Канеломен» сынға түсіп, көп кездесулер өткізгім келеді. Алайда, басқа боксерлермен жұдырықтасуға да дайынмын.

Біздің жекпе-жек – Доменик Уэйд үшін үлкен мүмкіндік. Мен өзімнің чемпион бооғанға дейінгі кезде не сезінгенімді білемін, сол себепті де ол бұл кездесуге ерекше дайындалып жатқанын және де қалай да жеңіске жетемін деп тұрғанын білемін», - дейді Қазақстандық спортшы.

Связанные Статьи