АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикамен шекарада дуал салынатынын мәлімдеді. Трамптың есептеуінше оған 12 миллиард доллар кетеді деп хабарлайды bbc.com. Дуал құрылысын АҚШ өз қаражатына салады. Алайда құрылыс біткененн кейін оған кеткен қаржыны Дональд Трамп Мексика өтеуін талап етіп отыр. Мексика президенті Энрике Пенья Ньето шекарадағы дуалға ақша бермейтінін және АҚШ-тағы отандастарының құқығын қорғау үшін қажеттінің барлығын жасайтынын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Дональд Трамп президенттік сайлау алдында халыққа Мексикамен шекарада дуал салуға уәде берген. Дуалды АҚШ азаматтарының игілігі үшін жасап жатқанын хабарлады.