ЖАҢА БИЛІК ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ НЕ ДЕЙДІ?

/uploads/thumbnail/20170709201015903_small.jpg

Кеше ел басы Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін жариялады. Осыған байланысты еліміздің қоғам қайраткерлері түрлі пікір білдіріп жатыр. 

Саясаттанушы Досым Сәтпаев ratel.kz-те билік өкілеттері турасында өз пікірін жариялады. 

 Өкілеттілікті бөлмес бұрын оны халық үшін тиімді пайдалана алатын саяси институттарды күшейту қажет.

Президенттің билік өкілеттіліктерін тағайындау туралы үндеуі бірнеше мәселеге нұсқайды.

Біріншіден, президент парламент пен үкіметтің қателіктерін жасырудан шаршады. Өткен жылы қателіктер жөнінде парламент пен үкімет рекорд орнатты десе болады. Нәтижесінде мемлекет басшысы жүйенің үстінен қарайтын ойыншы және төреші тезисінің аясында «Жақсы патша. Боярлар нашар» деген принцип мықтап беки түсті.

Екіншіден, өкілеттілікті бөлу екі таз адамның тараққа таласқанын еске салады. Екі «таз» - өзінің дағдарыс жағдайы мен адекватты заңнамалық жұмысы тұрғысынан өзінің төмен тиімділігін көрсеткен парламент пен үкімет болып табылады. Мәселе мынады. Оны кімге беру туралы. Мықты саяси институттар болуы мүмкін емес кез-келген жоғары президенттік жүйе тығырыққа тіреледі.

Айтпақшы, бірнеше жыл бұрын парламенттің «Нұр Отан» мен басқа да партиялардың төменгі палатасы үкіметті құруға формальды түрде құқығы бар. Бірақ үкімет пен президент  парламенті әкімшілігі билігінде  «нотариалды кеңсе» мәртебесін алып тастамады. Сондықтан, қандай да болмасын өкілеттілікті бөлмес бұрын жақсы өзгерістер алып келе алатын мықты саяси институттар құру керек. Есеп құралы ретінде  жаңғақты қолданатын адамның қолына  калькулятор берудің қажет не? Яғни біз арбаның алдына қайта аттарды қойып қойдық.

Ең алдымен, парламентте «зомби-партиялар»  мен «тұрақсыз депутаттар» емес, электоральдық және бәсекеге қабілетті ойыншылар отыруы үшін, партиялық және сайлау жүйесінің реформасы қажет. Парламент тек партиялық тізім бойынша ғана емес, мажоритарлық принцип бойынша құрылуы керек. Тек осы жағдайда ғана билік ауысуы кезінде саяси тұрақтылықты қамтамасыз ете алады.

Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАМЕД, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

 

Бүкіләлемдік қоғамдастықтың назары тағы да біздің елімізге ауды. Қазақстан жаңа 2017 жылды Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіз­дік Кеңесінің мүшесі ретінде бастады. Бұл Елбасымыз­дың Еуразиядай алып құрлық­тың басты бейбітшіл тұлғасы ретін­дегі биік беделінің халықар­а­лық деңгейде бағалануының нақ­ты көрінісі ретінде қабылданды. Қазақстан басшысының тікелей араласуымен өткен жылы бүкіл әлемді алаңдатқан Иранның ядро­лық проблемасы ойдағы­дай шешілді. Елбасымыз Украина­дағы қантөгісті тоқтатуға да өзінің үлкен үлесін қосты. Ресей мен Түркия президенттері Н.Ә.Назарбаевтың осы екі елдің ушы­ғып бара жат­қан қарым-қаты­насын қалпына келтірудегі ара­ағайындығы үшін аса зор алғыстарын білдірді.

 

Кеше Елбасымыз өзінің тарихи Үндеуімен тағы да бүкіл әлемнің назарын Қазақстанға аударды. Елімізде Президентіміздің 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауынан кейін мемлекетті реформалаудың кезең-кезеңге негізделген жаңа үдерісі басталды. Мемлекет басшысының бүгінгі Үндеуін қазақ қоғамын жаңартып, жаңғыртудың заңды жалғасы деп білемін. Елбасымыз осы Үндеуі арқылы Қазақстан Республикасының тарихындағы жаңа кезеңді бастап берді.

 

Нұрсұлтан Әбішұлы тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын өз қолымен қалап қана қоймай, оны осы жылдар ішінде орын алған бірнеше бүкіләлемдік дағдарыстардан аман алып шығып, әлем таныған абыройлы мемлекетке айналдырды. Біз тәуелсіздіктің ширек ғасыры ішінде ешбір әсірелеусіз ғасырларға бергісіз даму мен өсіп-өркендеудің жолынан өттік.

 

Тәуелсіздік алған кезде ком­мунистік жүйеден еншімізге бар болғаны мешеу шаруашылық, қараусыз қалған зауыттар, қаңы­раған ауылдар, жабылған дүкен­дер, жаппай жұмыссыздық және тұралаған экономика тиді.

 

Ал бүгінде бүкіл әлем Қазақ­станды экономикалық дамудың даңғыл жолына түсіп, әлеумет­тік тұрақтылықты ту еткен қуатты мем­лекет ретінде таниды. Ең бас­тысы, Қазақстан ширек ғасырда бей­бітшілік пен келісім салтанат құрған көп ұлтты халықтың алтын бесігіне айналды. Соның арқасында еліміздің әлемдік аренадағы абырой-беделі артып, рес­публикамызға миллиардтаған инвестициялар тартылуда. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуымыз бен Астананың ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу мәртебесін жеңіп алуы да соның айқын дәлелі.

 

Президент еліміздегі ең бас­ты мәселелерді шешумен қатар, мемлекеттік басқарудың заманауи, тұрақты, ұтымды үлгісін қалыптастыру саясатын да қарқынды жүргізді. Соның нәтижесінде Қазақстанда кәсіби Үкімет, қуатты Парламент және тәуелсіз сот билігі қалыптасты. Олар қазірдің өзінде сенімділігі мен тиімділігін дәлелдеп үлгерген мемлекеттік аппараттың «тежемелік және теңгермелік» жүйесінің негізін құрайды. Сондықтан Елба­сымыз атап өткендей, мемле­кеттік билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәсе­лесі ел дамуының заңды және жүйе­лі кезеңі болып табылады.

 

Бұл батыл қадам Парламент пен Үкіметтің өкілеттіліктерін арттырып қана қоймай, оларға қабылдаған шешімдеріне сәйкес жауапкершілік жүктейтінін де ерекше атап өткен жөн. Соған қара­мастан, Қазақстанда халықтың бірлігі мен тұрақтылығына, мем­лекеттік билік тармақтарының рет­тілігі мен үйлесімді жұмысына, азаматтар құқығының сақталуына, мемлекеттік шекарамыздың берік­тігі мен еліміздің қорғаныс қабі­летінің конституциялық қорғалуына кепілдік беретін күшті президенттік билік сақталады.

 

Қашанда ұрпақ қамын ойлайтын Мемлекет басшысы­ның Конституция кепілі ретінде қабыл­даған жаңа тарихи шешімі қазақ қоғамындағы саяси тұрақтылық пен экономикалық қарқынды даму­дың нақты дәлелі деп білемін. Бұл – еліміздің Президент айқын­да­ған «Қазақстан-2050» бағдарлама­лық құжатында белгіленген стра­тегиялық мақсаттарға адал­дықтың айқын көрінісі. Мен Елбасының жаңа бағытын: күшті президенттік билік – кәсіби Үкімет – жауапты Парламент – тәуелсіз сот жүйесі – ашық қоғам деп қарапайым түрде түсіндірер едім. Осының бәрін Қазақстан мен оның әлем таныған Елбасының өзіне және болашаққа нық сенімінің көрінісі деп бағалаған жөн.

Ерлан Саиров: саяси ғылымдар кандидаты, саясаттанушы:

«Біз Мемлекет бас­шысының халыққа ар­наған Үндеуін мұқият тың­дап шықтық. Бұл бүгін­гідей жаңарып, жаһан­дан­ған әлемге қатыс­ты жаңа көзқарасты біл­діред­і. Біз шы­найы саяси рефор­малар­дың қар­саңын­да тұр­мыз. Мұны Үкімет пен Пар­ла­менттің рөлін күшейту бағытында жасалған нақты қадам деп білеміз».

Берік Әбдіғалиұлы, Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығының басқарма мүшесі:

Қазір өзгеріп жатқан әлемде Қазақстан да заман талабына сай жаңа­рып келеді. Әсіресе, асқан нәзіктікті қажет ететін мемлекеттік басқару жүйесі мейлінше теңестірілген жүйеге ауысу мәселесін Елбасымыз өте орынды әрі дер кезінде көтеріп отыр. Бұл – осы заманғы, қазіргі күн­нің шынайы келбетіне сай жасалған қадам. Сонымен қатар, мұндай шешім Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілікті күшейте отырып, Үкіметтің ел алдындағы әлеуметтік-экономикалық салаларға деген жауапкершілігін арттырады. Ал Парламент кең ауқымды жүйеде бақылау мен қадағалау құзыретіне иелік еткені жөн.

Ерлан Қарин, саясаттанушы:

Президенттің өз мәлімдемелерін халыққа үндеу жасау арқылы жария ету сирек қолданады. Әдетте бағдарламалық мәлімдемелер саяси іс-шаралардың мінберінен жасалынады. Мәселен, парламент, үкімет  отырысы, басқарушы партияның съездінде және т.б. Телевизиялық үндеу көбіне еуропалық және америкалық тәжірибиеде көшбасшының ел азаматтарына өзекті мәселелер турасында үндеуін жариялау үшін пайдаланылады. Сондықтан, жеке басым президенттің жаңа саяси тәсілдерге жаңашылдық енгізгені ұнайды.

Соңғы жаңашылдықтың бірі  - өткен жылдың желтоқсан айында президент  рақымшылық жөнінде заңға қол қоюды көпшіліктің алдында өткізіп, камераға түсініктеме беруі.   

Менің ойымша қазір де президент саяси бастамаларының маңыздылығын атап өтуі үшін  дәл осындай форматты таңдады. Әрине, ең бастысы үндеудің мазмұны. Президент жұмыс тобының ұсынып отырған конституциялық реформа жобасын егжей-тегжейлі сипаттап берді.  Бұл жүзеге асатын саяси реформалар. Себебі билік тармақтарының негізгі өзара әрекеттесу принциптерін қозғап отыр. Мәселен, енді үкімет  Президенттің  емес, жаңа сайланған Мәжілістің алдында өз өкілеттілігін тапсырады немесе заңды күші бар президенттік бұйрықтарды қабылдау қағидасын жою. Сонымен қатар, Үкімет пен Премьер-министрдің атқарушы актін тоқтату құқығынан бас тарту. Бұл парламенттің мәртебесін көтеру және үкіметтің өз бетінше жұмыс істеу дағдысын күшейту  ғана емес, Президент әрқашан саяси орталық болып табылатын Қазақстандағы билік қарым-қатынасының қайта жаңаруы. Соған қарамастан, Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Қайткенде де біз ескі жүйеден арылып, жаңа жағдайларға бейімделіп келеміз. Бұның оң өзгеріс алып келетіні сөзсіз.

 

Дархан Мұқантегі, "Сарыарқа" газетінің Бас редакторы

Елбасының кешегі мәлімдемесінен біразымыз хабардармыз. Қызығушылық танытқандар тікелейй эфирден көріп, артынан Президент сөзінің жазбаша нұсқасын бірнеше қайтара оқып шықтық.

Конституциялық, саяси реформа туралы бұған дейін де айтылып, нақты жоспар құрылмаса да билік тармақтарының өкілеттігін қайта қарауға ниет танытылған. Бұл жолғысы - нақты әрекетті көздейтін бастама. Өзім солай ойлаймын. Оған себеп те жоқ емес.

Президент былтырлары жариялаған институционалды реформаның конституциялық өзгерістерге ұласуы – заңдылық. Оған біріншіден қазіргі елдегі, айналамыздағы саяси, экономикалық жағдаймен қатар қазақстандық билік жүйесіндегі нақты ахуал түрткі болып отыр. Қандай нақты ахуал екенін ас үйде бәріміз демей-ақ қояйын, біразымыз айтып жүрміз.

Бұл жолғы бастаманың нақты мақсаттар мен өзгерістерді көздейтінін Президенттің телеэфир арқылы мәлімдеме жасауынан да түсінуге болады. Шыны керек, біразымыз (мемлекеттік қызметшілер, азаматтық сектор өкілдері, т.б.) Президенттен дәстүрлі Жолдау күттік. Билік тармақтарын қайта бөлу туралы комиссияны 24 қаңтар күні қабылдаған Н. Назарбаев бұл тақырыпқа әзір қайта оралады деп ойламадық. Рас қой? Тек, арнайы мәлімдеме жасалатыны хабарланғанда ғана жорамал жасай бастадық. Онда да, Сирия туралы айтатын шығар дедік, басқа дедік. Демек, биліктің жоғарғы сатыларында бұл реформаға үлкен мән беріліп отыр. Былайша айтқанда, бұған саяси элитаның өзі мүдделі. Президент біз күткеннен де асып түскен қадамға барды. Іле-шала конституциялық реформаға қатысты заңнамаларды бүгіннен бастап бір ай ішінде халық болып талқылау керектігін міндеттеп, Жарлық шығарды. Кейбір қиямпұрыс саясаткерлердің сылтауратып жүргеніндей, реформа шағын, мұқият іріктелген жұмыс тобының құзырында қалып, билік табалдырығынан сыртқа шықпай жүргізілмейтініне бұл да бір сенім ұялатады.

Қысқасы, бұл жолғы реформа ешқандай да "көзбояушылық" (косметикалық) емес, Елбасының өзі айтқандай "Елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып" жасалған байлам. Солай деп сенейік. Солай болуы да өзімізге байланысты. Саяси күштер, азаматтық сектор белсенділері, барша қазақстандықтар саяси реформаның шынайы ел мүддесіне қызмет етуіне ат салысуы керек деп ойлаймын. Сайлауға не бойкот жариялауға шамасы жоқ, не лайықты бағдарлама ұсына алмайтын кешегі керітартпа "белсенділіктен" бас тартатын кез келген сияқты. Не болса да, таяқ жерге тасталды. Ары қарайғысы қоғам белсенділігіне байланысты. Сұрамағанға саяси реформа жоқ.

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи