Қазақстан Әскери-әуе күштерінің әуеайлағына жаңа соққы беретін Ми-35М тікұшағы әкелінді деп хабарлады Қорғаны министрлігі.
Төрт көп мақсатты соққу беруші Ми-35М тікұшағы алғаш рет Қазақстан Әскери-әуе күштерінің қару-жарақ қатарына қосылып, еліміздің оңтүстігіндегі тұрақты мекеніне жеткізілді. Әкелінген тікұшақтар легін пайдалану еліміздегі Әскери-әуе күштерінің ұрыс қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Ұшқыштар құрамы қайта оқудан өтіп, авиацияға әкелінген жаңа техниканы ұшуда сынап көруге дайын. Аталған Ми-35М тікұшағының биік ұшу-техникалық сипаттамасы бар, ол жоғары температура жағдайларында мен биік таулардан ұшудан қолдануда жақсы нәтиже береді. Бұл тікұшақ жай және қолайсыз ауа-райында басқарылатын және басқарылмайтын қару-жарақты ұрыста тәулік бойы қолдануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ көздеген мақсатына күндіз 10-25 метр биіктікте ұшуды, ал түнде кемінде 50 метр биіктікте ұшуды орындай алады.
Ми-35М тікұшағының навигациясы мен электронды индикациясының заманауи кешенмен жабдықталуы осындай тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, ұрыс машинасының шабуылдан қорғану кешені мен қосымша опциялары бар. Ми-35М тағы да бір артықшылығы оның құрылысының жетіктігінде, яғни тікұшақ акустикалық белгілерін төмендетіп, ұрысқа шыдамдылығын арттырады, сондай-ақ техникалық қызмет көрсетудегі қиындықтарды төмендете алады. Негізгі соққы беретін қызметтерінен өзге, Ми-35М тікұшағы жеке құрам мен жүктерді тасымалдау, медициналық қызметкерлермен қоса сырқаттар мен жаралыларды алып жүру үшін пайдаланылады. Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігі мен Рособоронэкспорт кәсіпорнының арасындағы шарт аясында тікұшақтарды жеткізу жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн.
Оставить комментарий