Құны $1 000 000-нан асатын әлемдегі ең қымбат 14 сурет (фото)

/image/2019/06/05/122128566700.jpg

Ол фотосуреттер несімен құнды? Күнделікті көріп жүрген миллиондаған селфи мен жануарлардың, адамдардың суреттерінен айырмашылығы қандай? Ол фотосуреттерді сондай жоғары деңгейде бағалаудың себебі қандай?

Ендеше, назарларыңызға әлемдегі ең қымбат фотосуреттерді ұсынамыз.

1. Питер Ликом: «Фантом» ($6,5 млн)

1999 жылы Питер Лик түсірген фотосуреттің атауы – «Фантом». Оның құны  6,5 (!) миллион доллар. Бұл бүгінгі таңдағы әлемдегі ең қымбат фотосурет. Питер Лик мұны Аризона штатындағы Антилопа шатқалында жүргенде түсірген екен.

фантом

2. Андреас Гурски: «Рейн-II» ($4,33 млн.)

Бұл фотосурет ғаламтор желісін шарлап кеткелі қай заман. Авторы: Андреас Гурски есімді неміс азаматы. 1999 жылы түсірілген суреттің атауы – «Рейн-II». Фотосуреттің құны – 4 338 мың доллар. Гурски — атақты фотосуретші. Оның топтамасында миллион долларға сатылған бірнеше суреті бар.

Суретте бөгеттер арасындағы немістің Рейн өзенінің жаңбырлы күнгі бейнесі. Бірінші нұсқасында электрстанция, өтіп бара жатқан адамдар, ит болған. Автор оның бәрін фотошоппен алып тастаған. Бұл «Рейн» топтамасындағы суреттердің бірі ғана.

Фотосурет 2011 жылы Christie’s аукционында сатылды. Ең алғашқы сатып алушы кельн галереясының қожайыны Моника Шпрют болған. Кейін оны белгісіз коллекция жинаушының қолына өткен.

Андреас Гурски

3. Синди Шерман: «№ 96» ($3,89 млн.)

Американың әдеттегіден тыс ерекше фотосуретшісі Синди Шерманның бұл жұмысы қойылымдық сурет түрінде түсірілген. Автордың қымбатқа бағаланып, кең таралғае суреті 1981 жылы түсірілген. Атауы – № 96. Фотосуретті 3 890 мың долларға сатқан. Суретте аққұба қыз: жирен шашты, секпілі бар, сарғылт киіммен.  Жасөспірімнің қолында танысу туралы хабарландыру жазылған газет қиындысын ұстап жатыр. Сурет  2011 жылы Christie’s аукционында сатылған.

Синди Шерман

4. Гилберт Прош пен Джордж Пассмор: Аса Мәртебелі Ханымға ($3,765 млн)

Британдық суретшілер: Гилберт Прош пен Джордж Пассмор перфоманс-сурет жанрында жұмыс жасаған. Коллаждарында әр адам суретші, әл оның өмірі өнер туындысы деген мағынаны білдіретін болашақтың әлеуметтік бейнесін көрсетуге тырысқан.Пассмор

5. Джефф Уолл: «Өлген жауынгерлер сөйлейді» ($3,66 млн.)

«Өлген жауынгерлер сөйлейді» —  деген атау алған фотосурер, шынын айтқанда, фотосурет емес. Ол Джефф Уоллдың асқан шеберлігімен жасаған коллажы. Суретті 1992 жылы аукционда 3 666 500 долларға сатылған. Бір қарағанда шынайы сияқты көрінеді. Бірақ ол қойылым. Суреттің желісі 1986 жылғы Ауғанстандағы соғысты бейнелейді. Актерлерді жауынгерлердей киіндіріп, Джефф Уоллдың студиясында суретке түсіріп, кейін фоторедактор арқылы өңдеген. 

Джефф Уолл

6. Ричард Принс: «Ковбой» ($3,4 млн.)

2001–2002 жылдары Ричард Принс Marlboro үшін фотосурет түсіріп, оған «Ковбой» деген атау берді. 2007 жылы «Ковбойды» Christie’s аукционында 3,4 миллион долларға сатты.

Ричард Принс

7. Андреас Гурски: «99 цент» ($3,34 млн.)

Андреас Гурскидің «99 цент —II» суреті 2001 жылы түсірілген. Сурет «99 цент» дүкенінің бір күнін көрсетеді. Суреттің әйгілі болып кеткен себебінің бірі, тауарды реттестіру жағынан суреттің стилі перфекционизмге тым жақын әрі сұраныстың жоғары екендігін көрсетіп тұрғандығы болса керек. «99 цент —II» фотосуретін коллекция жинаушы адам 3 346 456 долларға сатып алған.

99 цент

8. Андреас Гурски: «Чикаго сауда палатасы —III» ($2,35 млн.)

Андреас Гурскидің 2 355 597 долларға сатылған атақты суреттерінің бірі – «Чикаго сауда палатасы—III» деп аталады. Ол 1999 -2009 жылдар аралығында түсірілген. Бұл суретті түсіруге рұқсат берілген. Үлкен көлемді (шамамен 185 ×240 см) сурет Чикаго сауда палатасының жұмыс күндерінің бірін көрсетеді. Егер суретт ұлғайтып қараса, қызметкерлерді, компьютерлерді, тіпті киімдерін де анық көруге болады.  Сурет 2013  жылы екі миллионнан да көп ақшаға сатылды.

Чикаго сауда палатасы

9. Эдвард Штайхен: «Ай нұрына шомылған тоған» ($3 млн.)

Эдвард Штайхеннің бұл суреті  терең мағынаға немесе ерекше таңғажайыпқа ие. Оның ерекшелігі мен бағасының құндылығы мынада  — «Ай нұрына шомылған тоған» суреті фотоөнер тарихындағы ең алғашқы түнде түсірілген түрлі-түсті сурет. Штайхен оны 1904 жылы түсірген. Бүгінде оның құны 3 миллион доллар.

Ай нұрына шомылған тоған

10. Синди Шерман: № 48 ($2,965, млн.)

Синди Шерман суреті туралы: «Бойжеткеннің келбеті көрінбейтіндіктен, бұл сурет ерекше болып тұрған шығар. Ол көрерменге теріс қарап тұр. Сондықтан, әркім оның жүзін әртүрлі елестетеді» - дейді.  

Синди Шерман

11. Синди Шерман: «№ 153» ($2,7 млн.)

Синди Шерманның 1985 жылы түсірілген № 153  суреті — Хичкок стиліндегі фильм кадры емес. Суретші-перфомансисттің бұл ерекше суреті 2010 жылы 2 700 мың долларға сатылған.

Синди Шерман

12. Нью-Мексикалық Форт Самнер : «Билли Кид» ($2,3 млн.)

Билли Кид деген Нью-Мексикалық Форт Самнердің дәл өзі. Ол бүгінге дейін сақталған тек осы суреті арқылы ғана танымал. Сурет шамамен  1879–1880 жылдары түсірілген. Бұл ерекше суретті бейтаныс топтама жинаушы бірнеше жыл бұрын  2,3 миллион долларға сатып алған.

Билли Кид

13. Дмитрий Медведев: «Тобыл Кремлі» ($1,7 млн.)

«Тобыл Кремлі» қайырымдылық мақсаттан ұйымдастырылған «Рождестволық азбука» аукционында бірден сатылып кетті. Жұмыстың құны Ресей бағамы бойынша — 51 млн руб. (2009 жылы курс бағамы бойынша  $1,7 млн). Суреттің ерекшелігі авторының кім екендігінде. Бұл суретті 2009 жылы Ресейдің бұрынғы президенті Дмитрий Медведев экскурсия самғау көктен, тым биіктен түсірген.  

Тобыл кремлі

14. Альфред Стиглиц: «Джорджия О’Киф» ($1,47 млн.)

1919 жылы Альфред Стиглиц суретші Джорджии О’Кифтің шабыттанып тұрғандай әсер қалдыратын әдемі қолын суретке түсірген.  «Джорджия О’Киф» суреті 2006 жылы қыста нью-йорктың Sotheby’s аукционында 1 470 мың долларға сатылған.

Альфред Стилгиц

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар