Алматыда қоғам белсендісі, журналист Сәуле Әбілдаханқызына белгісіз адамдар шабуыл жасап, соққыға жыққан деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Әбілдаханқызын Алматы қаласы Наурызбай аудандық ІІБ-нің артқы есігінен шыққан соң, бір топ әйел адам (олардың кімдер екені белгісіз) оны соққыға жыққан.
Айта кетейік, 4 маусымда Сәуле Әбілдаханқызы Facebook әлеуметтік желісінде үйіне бір күнде төрт рет полиция қызметкері келгенін айтқан.
Ал 5 маусым күні адвокат Абзал Құспан Facebook әлеуметтік желісінде: "Дәл қазір Сәуле Әбілдаханқызын, екі машинада, беттеріне қара маска киген арнайы жасақ Алматы қалалық ІІД-не алып бара жатыр! Мен басқа қаладамын, шұғыл адвокат керек!", - деп жазған.
Пікір қалдыру