Қазақстан өмірге аса қауіпті тағам тұтынатын әлемдегі 10 елдің қатарында

/image/2019/06/05/24fae0cf4e190078d5b9896e00870cd9_xl.jpg

Сарапшылар дұрыс тамақтанбаудың салдарынан өлім саны артқан елдерді атады. Қазақстан алғашқы ондыққа енді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Daily Mail сайтына сілтеме жасап. 

Йендегі Фридрих Шиллер атындағы неміс жоғары оқу орнының ғалымдары 1990 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі аралықта зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, өлімге душар ететін ең зиянды тағам өнімдерін тұтынатын - ТМД елдері болып шыққан. 

Бұл көрсеткіште Өзбекстан көш бастап тұр. Нашар тамақтанудың салдарынан бұл елде өлім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 394 адам болып шыққан.

Екінші орында Түркменстан - 376 адам.

Қырғызстан үшінші орынға жайғасты. Мұнда – 350 адам өлімі тіркелген.

Тізімде ары қарай Украина, Молдавия, Әзербайжан, Тәжікстан.

Алдыңғы ондықтың тоғызыншы орнында Қазақстан тұр. Елімізде 100 мың тұрғынға шаққанда 306 адам өлімі тіркелген. 

Алғашқы ондықты Ресей жабады. 

Сарапшылардың пікірінше, ең жақсы тамақтанатын Испания, Израиль елдері екен. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар