Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы белгілі болды

/uploads/thumbnail/20250512124716805_big.webp

Сара Назарбаева қазір президент әкімшілігіндегі медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр.

Ұлттық госпиталь барлық медициналық шаралар бекітілген стандарттарға сәйкес және білікті мамандардың бақылауында жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар мекеме әкімшілігі қазіргі заңнамаға сәйкес, пациенттің диагнозы, денсаулық жағдайы, емдеу әдістері мен нәтижелері медициналық құпия болып саналатынын атап өтті. Бұл мәліметтер тек науқастың келісімімен немесе заңда көзделген негіздер бойынша ғана жария етіледі.

"Медициналық этика қағидаттары мен кәсіби жауапкершілікке сәйкес, медициналық ұйымдар жеке деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті. Ақпаратты жария етпеу туралы шешім пациенттің мүддесін қорғау, оның жеке өміріне құрмет көрсету және емдеу процесіне сыртқы араласуға жол бермеу мақсатында қабылданды", – делінген ресми мәлімдемеде.

Қатысты Мақалалар