Трамптың сөзінше, ол елінде террордың болғанын қаламайды. «Әлем тәртіпсіздікке толы», –дейді. Ол Сан-Бернардинодағы жаппай адам өлтіру мен 9/11 болған терактты есіне алды.
Ол мұсылман әлемінде қатігездіктің өршу мүмкіндігіне алаңдаулы ма деген жүргізушінің сұрағына: «Катігездік? Әлемді онсыз да қатігездік жаулап кеткен. Тіпті, шегіне жетті. Әлем әбден бұзылған», – деп жауап берді Трамп.
Ол Штаттардың Иракқа кірмеуі керек екенін мәлімдеді. Және Алеппо мен Мосулда болып жатқан оқиғаларды, сондай-ақ, Еуропаға ағылған босқындарды да мысал келтіріп, тілге тиек етті.
Оставить комментарий