Қазақстанды менсінбеген футболист Жуковтың тәубаға келуіне не түрткі болды?

/uploads/thumbnail/20170709201305239_small.jpg

«Қамшы» порталының бетінде 2016 жылдың аяғында «Қазақ елін менсінбейтін футболист Жуков ұлттық құрамаға қаншалықты керек?» деген мақала жарияланған болатын. Қазақ футболының жанкүйері, мақала авторы Ернар Алмабек мақаласында былай деп күйінеді: «Белгиялық басылымдардың біріне берген сұқбатында ол: "Мен Қазақстан құрамасының бапкеріне маған ресми ойындарда үміт артпауын жеткіздім. Мен өскім келеді, сол себепті де қай құрамаға ойнайтынымды әлі шешпедім. Менің екі таңдауым бар – Бельгия мен Ресей", - дегені жанкүйерлердің әлі де есінде. Сол сұқбаттан кейін ойыншы әлеуметтік желіде жұртпен сөз таласқа түсіп, айыппұл да төлеген болатын. Бірақ ол аз болған сыңайлы. Айтқан сөздері үшін ақталып, өзін дұрыс түсінбеген елден кешірім сұраса да Жуков мұнымен тоқтап қалмады. Мысалы, осы жылы шілде айында ресейлік championat.com порталына берген сұқбатында ол: "Шынымды айтсам, мен алғашында Қазақстандағы жігіттер де футбол ойнай алатынына қатты таңғалдым", - деген екен. Ашуға тие ме? Тиеді, әрине! Бұлай айтатындай ол кім еді? Небәрі 37 мың халқы бар Лихтенштейнде доп тебетін адам табылғанда, Қазақстанда табылмайды деп ойлады ма? Жә, келесі пікірге көшейік. Дәл сол сұқбатта "Туған жеріңізге оралғандағы алғашқы ойыңыз" деген сауалға берген жауабын оқыңыздар: "Араға ұзақ уақыт салып, әкем екеуміз Қарағандыға келгенде: "Мүмкін, кеш болмай тұрғанда бұл жақтан қайта кеткеніміз дұрыс болар?" дегенім есімде", - депті. Туған жерді аңсап келген адамның пікіріне ұқсамайды, ә? championat.com – ресейлік портал екенін айттым ғой. Соларға жағуды ойласа керек, сөз арасында Жуков: "Мен өзімнің спорттық азаматтығымды ресейлікке ауыстырғым келеді. Артынша Ресей Ұлттық құрамасына қосылу үшін бар күшімді саламын. Бұл – менің арманым!", - дегені бар». Мақаланы оқыған оқырман да жаға ұстап қалғаны анық. Қазақстанға деген құрметі де, сүйіспеншілігі де жоқ сол Жуков «Қайрат» футбол клубының сайтына 180 градусқа өзгеріп сұхбат беріпті. Енді ол «Егер мені ұлттық құрамаға шақырса, бар жан-тәнімен беріліп Қазақ елі үшін футбол ойнаймын» деп ағынан жарылыпты. Мұндай «ұлтжанды» азаматтар Қазақстанның намысын қорғағанда қазақ футболы жари ма деген сұрақ туындайды.

Жазира Байдалы

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи