Қарызын өтемегені үшін Моңғолияны қыспаққа алған Қытай Қазақстанға да қысым көрсетуі мүмкін бе?

/uploads/thumbnail/20170709210750605_small.jpg

Ертай Нүсіпжанов есімді Fаcebook  қолданушысы өзінің парақшасына Қытайға қарызын қайтара алмай жүрген Моңғолияны қыспаққа алып жатқанын жазды. Ертай Нүсіпжанов Қазақстан Моңғолияның кебін киюуі мүмкін екенін айтып, өз алаңдаушылығын да білдірді. 

"Бұдан біраз уақыт бұрын, қытайдың географиялық карталарында қазақ жерін өздерінің аумақтары етіп көрсетеді екен дейтін ақпарат тараған еді. Алайда, ол дәйексіз болды да, елді босқа дүрліктірген әншейін бір қауесет күйінде қалды. Халықты дәлелсіз ақпаратпен үрейлендіруді доғарған дұрыс. Біз ұстанатын сақтық шаралары қандай болуы қажет? Қайтсек халықтың қытай туралы танымын кеңейтеміз?

Мынаны қараңыздаршы. Қазіргі таңда қытай басылымдары Моңғолияның ертеде өз жерлері болғанын, кейін тәуелсіздік алғанымен, ел экономикасының әлі де Қытайға тәуелді екенін жарыса жазып жатыр. Әңгіме төркіні мұнда:

Үстіміздегі жылдың наурыз айында, Моңғолияның ҚХР мен Халықаралық Валюталық Қорынан (IMF) қарызға алған 580 миллион АҚШ долларын қайтаратын уақыты бітеді. Моңғолия ұлттық валютасының девальвациялануы, шетелдік капиталдың елден жаппай кетуі сияқты жағдайлар, «Жайлаулы елге» қыруар қарызын өтеуге еш мүмкіндік қалдырмады. Қытай тарапы осы ахуалға байланысты мынандай тиісті шаралар қабылдауды қарастыруда:

1) Қытай-Моңғол үкіметаралық келісімдерін тоқтату;

2) Қытай аумағына кіретін Моңғолияның металлы мен көмірінен транзиттік тасымалдау ақысын алу;

3) Моңғолияға несиеге берілуі мүмкін $4 млрд. мерзімінен бұрын күшін жою.

Кейбір дереккөздерге сүйенсек, осы жағдайға байланысты Моңғол үкіметі елде «Отан сүю» атты қайырымдылық акциясын бастады. Осылайша, халықтың банктерде сақталған депозиттерін, алтындары мен бағалы бұйымдарын, тіпті ауылдағы жұрттан астындағы аттарын қайырымдылыққа алу арқылы мемлекетті қарыздан құтқаруға шақыруда. Бұл қайырымдылық акциясын моңғолдың бір экономисті (奥索加拉夫·布乌克呼乌) бастап, өзі 100 миллион тугрик (шамамен $40 мың), 10 бас жылқы және алтын жүзігін салған. Тағы бір шенеунік өзінің үш айлық еңбекақысын берген. Ал ел азаматтарына олардың жас ерекшеліктеріне қарай арнайы тариф ұсынылуда. Онда мысалы, 8 жасар бала 1000 тугрик (шамамен $0.4), 30 жасқа дейінгі азаматтар 22 000 тугрик ($9), ал 50 жасқа дейінгі әрбір азамат 200 000 тугриктен ($81) берулері қажет делінген.

Айта кетейін, 2016 жылы Моңғолия экономикасының Қытайға тәуелділігі 60%-ға жеткен. Біз Қытайға қаншалықты тәуелдіміз? Қарызымыз қанша? Моңғолияның басына түскен жағдай бізге түспесіне кім кепіл?..." деп жазды Ертай Нүсіпжанов. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи