ЭКСПО ғимараты құлайын деп тұр(ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709210741469_small.jpg

Егер әлеуметтік желіде тараған осынау фотосурет расымен де ЭКСПО-2017 ғимаратынан түсірілген болса, көп ұзамай бұл нысан да қирап қалуы бек мүмкін. Бұл туралы sn.kz хабарлайды. Бұған дейін Халықаралық көрме орталығында бой көтерген зәулім көпірдің күл-талқаны шыққан болатын.

Аталған фотоматериалды Instagram әлеуметтік желісіне КТК телеарнасының бұрынғы басшысы Арман Шораев жүктеді. Ол да суреттегі екіге бөлініп, құлайын деп тұрған темір қаңқаны ЭКСПО-2017 ғимаратынан түсірілген болуы мүмкін екенін жазып отыр.

Естеріңізге салайық, былтыр қараша айының орта тұсында ЭКСПО-2017 кешенінде қос ғимаратты жалғап тұрған көпір қирап қалған болатын. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басшылары келтірілген шығынның болмашы ғана екенін айтып, оны құрылыс компаниясы өз қаражатына жөндейтінін мәлімдеген еді.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи