Түркияда 170-тен астам бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыстары мемлекеттік Заң аясында тоқтатылып, кейбірі мемлекеттің меншігіне өтті. Дейтұрғанмен де, «Турксат» спутниктік арналарында ешқандай оппозициялық арна жоқ. Тіпті бірде бір оппозициялық бағыттағы газет немесе журнал бастыратын типография жоқ. Ал бейтараптықты ұстанған типографияларды үкімет әлдеқашан аяқ-қолын матап тастады десек болады. Ал тәуелсіз ақпарат құралдарының аузын буған сол қоғамда әлемге атышулы ДАИШ-қа тиесілі журналдың жарық көріп, басылуын қалай түсінуге болады дейді ақпарат көзі http://aktifhaber.com/medya/isid-dergisinin-kapaginda-reina-var-h90058.html. Бұдан бұрын бірінші бетінде Түрік Қарулы Күштерін жау ретінде көрсетіп басқан ДАИШ-тың «Румиях» журналының тағы да жаңа саны жарық көрді. Осы жаңа санының мұқабасында түнеу күнгі Ыстанбұлдағы «Рейна» түнгі клубында болған қиян-кескі шабуылға орын берген. «Киелі Ыстанбұл операциясы» деген тақырыптағы мақала журналдың ішкі бетінде кеңінен жарияланған.
Сонымен қатар, журналда Түркияға қатысты көптеген ақпараттар да берілген. ДАИШ және «Сириядағы әл-Каиданың» тармағы болып келген әл-Нұсра жиһадшыл тобына қарасты бір емес, бірнеше радио да Ыстанбұлда өз жұмыстарын жүргізіп отыр. Сонымен қатар, ДАИШ-тың журналы «Румиях» көптен бері Түркияда жарық көруде. Стамбулдағы «Бағыжылар» ауданында әл-Нұсра жиһадшыл тобына қатысты бірнеше радио әлі жұмыс істеп тұр деп жазады ақпарат көзі.
Айша Мұратқызы
Оставить комментарий