«Ла Ла Ленд»-тің құпиясы неде?

/uploads/thumbnail/20170709210734213_small.jpg

                 

 

    Американдық режиссер Демиен Шазеллдің   "Ла-Ла Ленд" мюзиклі    БАФТА Британдық кино мен телевизия өнер академиясы ұсынуымен «ең үздік» фильм атанды.

Кинокартина режиссері де өз кезегінде «үздік режиссер» номинациясы бойынша марапатталды. Ал басты рөлді сомдаған актриса Эмма Стоун «үздік актриса» атанғаны белгілі болды.

 Бюджеті 30 млн-ді құраған бұл туынды тұсаукесері осы жылы  12 қаңтарда кесілген болатын.

2016 жылы түсірілген бұл фильмнің жанры бүгінгі таңда кең таралмаған, сұранысқа ие деуге келмейтін мюзикл. Десе де, дәл осы мюзикл жанрымен киноакадемия критиктерін таңын тудырған фильмнің сыры неде болды екен?

  Демиен Шазелл бұл туындыны жарыққа шығару үшін біраз жүгіріп тер төккен көрінеді. 2010 жылы жазылған фильмнің сценарийін  бастапқыда ешқандай кинокомпания алғысы келмеген екен.

Ла Ла Лендің тағдырын шын мәнінде  режиссердің 2015 жылғы шыққан «Одержимость» фильмі шешті. Соңғы аталған туынды «Оскар» премиясына ұсынылып көрермен тарапынан үлкен қошеметке ілікті. Басты рөлі сомдаған Дж. К. Симмонс актер  екі бірдей Глобус пен Оскар сыйлығын иеншіледі.  Міне, дәл осындай триумфтан соң режиссердің өзінің көптен бері ойында жүрген туындысын жарыққа шығаруға жолы ашылып, мүмкіндігі артты.

Мюзикл мазмұны екі жастың арман қуып үлкен қалаға сол армандардың орындалуын қалап келгені жайында. Олардың асқақ армандары жолындағы күресі мен үлкен махаббатын тамашалап, фильмнің осыншама сыйлыққа лайықтылығын аңғаруға мүмкіндігіміз бар.

Айта кетейік, фильм 74-ші  «Золотой Глобус»  премиясының да иегері болып табылады. Биылғы 89- «Оскар» сыйлығының рекордты  14 номинанты.

 

Назерке Мұса

Оставить комментарий

Связанные Статьи