Әлемдегі ең ақылға қонымсыз жаңа жылдық дәстүрлер

/uploads/thumbnail/20170709221529552_small.jpg

Адамдар өзге елде жаңа жылды қалай тойлайтынын білу үшін басқа елге кететін болған. Алайда саяхатқа шықпас бұрын сол елдің дәстүрімен таныс болған абзал.

1995 жылы Талька қаласында тұратын чилилік отбасы жаңа жылды туыстарының моласында өткізуге бел буады. Бұл жаңалық халық арасында тез таралып, уақыт өте келе бұл халық арасында жаңа жылдық дәстүрге айналды. Жаңа жылдың алдында қала мэрі салтанатты түрде мола қақпасын ашады. Адамдар қайтыс болған жақындарының басына гүл шоқтарын қояды. Бұл кезде классикалық музыка ойнап тұрады.  

Ал Кубада жаңа жылда куранттар 11 мәрте соғылады. Осыдан кейін арал тұрғындары терезесінен таза суды құяды. Бұл жаңа жыл дәл сол су сияқты таза болсын деген ниетпен жасалынады.

Испания тұрғындары болса жаңа жыл келгенде 12 жүзімді ауыздарына салып, тез жеп қоюға тырысады. Бұл әрекеті арқылы жаңа жылда зор табыстарға жетеміз деп ойлайды.

Румындық дәстүр асқазаныңызға теріс әсерін беруі мүмкін. Себебі аталмыш елде мерекелік бәлішке ащы бұрыш, тыиын, сақина және т.б тосын сыйларды салады.

Филиппинда жаңа жыл кешінде барлығы дөңгелек пішінде болу керек. Мәселен, дөңгелек үстел, шеңбер пішіндес жеміс-жидек, дөңгелек суреті бар киім т.б. Себебі атлаған ел дөңгелекті тыиынмен салыстырады. Ал тыйын дегеніміз молшылық, байлық.    

Ал Моңғолиялық балалар үшін жаңа жыл дәмді бәліштерден емес спорттық жарыстардан басталады. Ал аяз ата балаларға малшы кейпінде келеді екен.

 

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи