Қазақстан эстрадасының танымал әнші Айқын Төлепберген Мемлекет басшысының 40-қа жуық өкілеттілігін Үкімет пен Парламентке бергеніжөнінде өз ойымен бөлісті.
Ол өз жазбасында Елбасы дұрыс шешім қабылдағанын айтады.
«Елбасын қолдаймын, дұрыс жасады! Өзінің билік тармақтарының кейбірін министрлер мен депутаттарға беретін болды. Енді біз елімізде болып жатқан әрбір жағдай туралы олардан сұрай аламыз. Бұрынғыдай «биік дуалдардың» артына тығыла алмайды!», - дейді Айқын Төлепберген.
Сондай-ақ, эстрада әншісі Елбасының «жер мәселесіне» қатысты шешімді қабылдар да - халық жағына шыққанын қуана қабылдапты.
«Әсіресе елбасының "жер мәселесі" жөнінде xалықтың жағын қолдауы қатты қуантты. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын ағайын!», - деп жазды танымал әнші.
Айқын Төлепберген өз ойымен Instagramәлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.
Әншінің желіде жариялаған посты сағат сайын емес, секунд сайын тыңдармандары тарапынан қолдау табуда. Пост тек бір сағаттың ішінде 9 мыңға жуық «лайк», 100-ден астам пікір жинаған.
Естеріңізге сала кетейік, 1 наурыз күні Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданыстағы редакциясында меншік құқығына қатысты 26-бапқа ұсынылған түзетулер талқыланды. Жұмыс тобы мүшелері аталған нормаға ұсынылған өзгерістерге қатысты халықтан түрлі ұсыныс түскені туралы айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарының пікірін ескеріп, 26-бапқа өзгеріс енгізбеуді ұсынды.
Оставить комментарий