Алматы қаласында жолаушылар мінген автобус өртке оранды

/uploads/thumbnail/20170709221542414_small.jpg

Алматы қаласында бүгін таңға жуық жолаушылар автобусы өртке оранған, деп хабарлайды СТВ телеарнасы.

Жағдай Жансүгіров көшесіне жетпей Рысқұлов көшесінің бойында орын алған.

59-автобус жүргізушісінің сөзіне қарағанда, көлік ішінде алдымен тоқ тартқан екен. Жүргізуші бірден жолаушыларды сыртқа шығарған. Өзі адамы аз саябақ маңына апарып аялдамақ болады. Жолда аяқ асты өрт шыққан. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Оставить комментарий

Связанные Статьи