Биыл Қазақстан банк секторын не күтіп тұр?

/uploads/thumbnail/20170710001259502_small.jpg

Халық банк 2017 жылға экономикалық болжам жасады деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ішкі нарықтың жағымсыз ықпалынан экономиканың өсуі (2016 жылдағы ІВТ өсуі +1 %) соңғы жылдарда бірден баяулап кетті, бұл әрине еліміздің қаржы секторы  жағдайына кері әсерін тигізді. Осылайша 2016 жылдағы банк секторы активтерінің атаулы өсімі 7,5% құрады. 2015 жылы бұл көрсеткіш 35% құраған болатын, бірақ ол теңгенің бірден девольвацияға ұшырауының нәтижесінде және банк секторындағы валюталық активтер мен міндеттемелердің тым үлкен үлесінің себебінен болды. Теңге бағамына жасалған түзетуді ескере отырып, 2015 жылы банк секторындағы активтердің өсімі жағымсыз аймақта қалып отырды.

2016 жылы банк активтері тек қана депозиттердің жалпы өсуінің есебінен ұлғайған еді (+14%). 2015 жылы бағамға жасалған түзетулерді ескергенде банк клиенттерінің депозиттері 7% төмендеді. Инфлацияны ескере отырып, 2016 жылы банктердегі активтердің нақты өсімі де жағымсыз аймаққа жайғасты. Осыған байланысты 2016 жылы банк жүесіндегі активтердің ІВТ үлесі 58% құраған болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 61% құрады. 

Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, Ресейдегі банк жүйесі активтерінің үлесі бір жарым есе - 93% артық көрсеткіште болды. 

2015 жылдың аяғы мен 2016 жылдың қаңтарында теңгедегі өтемділік өте үлкен жеткіліксіздік күйде қалды, бұл оның жоғары құнын көрсетті. 2016 жылдың басында РЕПО бағамы жылдық 80% жетті

Бірақ, ақпан айынан бастап жағдай тағы да өзгере бастады. Үкімет Ұлттық қордан бюджеттік шығындар мен экономиканы қаржыландыруды арттырды, сөйтіп Ұлттық банк базалық бағамды 17% +/- 2пп орнатып, аталған бағаммен банктерге өтемділік беруді бастады. Осы айдан бастап Ұлттық банк, әдетте қысқа мерзімді ноталардың көмегімегімен алатын, банктердегі артық өтемділіктің бірізді жиналуы орын алды. Жыл соңына қарай өтемділіктің валдық алымы Т3,2 трл. немесе сектордағы қарыз портфелінің 21% құрады.

2016 жылы ұлттық валютаның бағамы 2015 жылғы жағдайға қарағанда мейлінше төмен құбылмалылықта қалды. Мұнай бағасының өзгеруі соңынан теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы қаңтар айында ең жоғары деңгейге жетті – 384 теңге және осындай өсудің артынша мұнай бағасын белгілеу  мамыр айында 327 ге дейін түсті. Жыл соңына қарай теңгенің бағамы жалпы бір жыл ішінде 2%-ға нығайып, 333 теңгені құрады.

Валюта нарығындағы қатысты тұрақтылық пен тұрғындар тарапынан күтілген девальвация депозиттердің долларлануын төмендетуге мүмкіндік беріп, 2016 жылдың соңына қарай 2015 жылмен салыстырғанда 55% құрады. Сондай-ақ, ұлттық және шетел валюталарындағы салымдар үшін есептелетін сыйақы мөлшерлемелеріндегі маңызды айырмашылықтар да оған өз үлесін қосты.

 Банк жүйесіндегі жағдайға қарап отырып, олардың мемлекеттік сыңайлы сектордан тәуелділігін аңғаруға болады. Ең алдымен бұл «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, БЖЗҚ, «Бәйтерек»,  «Казагро» ҰБХ  қатысты. Аталған мекемелермен орналастырылған ақшалардың ЕДБ- дегі жалпы көлемі  банк жүйесіндегі барлық міндеттемелердің 30% кем емес үлесін құрайды. 2016 жылдың аяғына қарай банктердің 1.87 трлн теңге немесе 8.2% мөлшердегі міндеттемелерін БЖЗҚ қаражаттары құрады. 2016 жылдың қыркүйек айындағы есептілікке сәйкес «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ банктердегі қаражаттары 3.2 трлн теңге (банк міндеттемелерінің 14.3%) және   «Казагро» ҰБХ - 0.55 трлн теңгесін (2.5%) құраған болатын. 2016 жылдың 1 жарты жылдығындағы есептілікке сәйкес «Бәйтерек»  ҰБХ-нің  банктердегі қаражаттары 1 трлн теңгені (4.7%) құрады.

Мемлекеттік сыңайлы құрылымдардың салымдары банктердің (әсіресе бұл орташа банктерге қатысты) өте ірі клиенттерге жоғары дәрежеде шоғырлануымен сипатталады. Бұл өз кезегінде, олардың жылыстауы кезіндегі маңызды тәуекелдерді (бірнеше банктердің жыл соңындағы өтемділік мәселелері, Казинвестбанктің лицензиясын қайтарып алу) туындатады.

2016 жылы банктердің несие портфелі 0.3% , Т15.5 тлрн дейін (резидент емес тұлғаларға берілген несиелерді ескере отырып)  төмендеп кетті. Несиелердің өсуі іскері белсенділіктің төмендеуі, көп мөлшердегі несиелендірушілік және ағымдағы және жаңа қарызгерлердің сапасының төмендігі, ұзақ мерзімді қорландырудың болмауы, сондай-ақ, банктердің еркін қаражаттарын ҚХБ-не жоғары мөлшерлеме базасы бойынша мейлінше тартымды және өте тәуекелді тәсілдермен орналастыру қолжетімділігінің бар болуы себінен кідіріп қалды. Инфляцияны ескергенде, 2016 жылдағы банк секторының несие портфелінің  шынайы төмендеуі әлдеқайда маңызды көлемде болды.

Үкімет тарапынан елдегі банктерге айтарлықтай көмек және қолдау барынша көрсетілуде. Соның нәтижесінде елдегі банктердің жағдайы 2017 жылға қарай айтарлықтай жақсы көрсеткіштер көрсетіп, жағдайлары жақсарады.

Банктік жүйеге әсер ететін көптеген факторлар бар, атап айтарлық болсақ, олар: қолайсыз конъюнктура, ұлттық валюта бағамы, даулы несие жағдайлары және борышкерлердің өз міндетін атқармауы банктік жүйеге үлкен ықпал етуші факторлар болуда.

Оставить комментарий

Связанные Статьи