Газ түбіртектеріне көрсетілмеген техникалық қызметтердің ақысын қоса жазлып жүрген

/uploads/thumbnail/20170710001251924_small.jpg

Менің көптен бері шешілмей келе жатқан мәселем бар еді. Бұл мәселе менің ғана емес, мен тұратын Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Манкент ауылы тұрғындарының да мәселесі деп айтса болады.

Яғни, атап айтар болсам ай сайын пайдаланылатын газ түбіртектеріне көрсетілмеген техникалық қызметтердің ақысын қоса жазып жібергеннен басталды.

Аталған түбіртекке сәйкес пайдаланылған газды төлеуге «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне барғанымызда, бөлімше қызметкерлері түбіртекте көрсетілген соманы толық төлеген жағдайда ғана қабылдай алатындығын түсіндірді.

Алайда, біз көрсетілмеген техникалық қызметтер үшін түбіртекте көрсетілген соманы төлемейміз деп «Зенит ТВК» ЖШС-не барғанымызда, басшылары не жауапты қызметкерлері тарапынан толыққанды жауап ала алмадық.

Мен, ауыл тұрғындарының атынан осы мәселені көтеріп, шешімін тауып береді деген үмітпен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаевтың жеке қабылдауында болдым.

Департамент басшысы орынбасарларымен басқарма басшыларын және «Зенит ТВК» ЖШС-нің өкілін қатыстыра отырып, шағымымды тыңдады.

«Зенит ТВК» ЖШС-нің өкілі алдағы уақытта аталған мәселені шешу үшін, әрбір тұрғынмен жеке келісім-шарт жасау жұмыстарын жүргізіп, техникалық қызметтерді көрсету актісін түзгеннен кейін ғана төлем түбіртегіне көрсетілген соманы қосатынын айтты.

Осылайша тек менің ғана емес, бүкіл ауыл тұрғындарының мәселесін шешіп берген Департамент басшылығы мен ұжымына алғысым шексіз.

Департамент басшылығы мен ұжымына алдағы уақыттарда халық қамын ойлап, ел арасында халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөліп, мәселелерді шешу үшін барлық жақсылықтарды тілеймін.

 

         Худайберген Таджибаев, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Манкент ауылы көше комитетінің төрағасы 

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи