«ҰЛЫ ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» қозғалысы ұлттық ар-ожданды сақтауға «25 Бағдарлама» қабылдады

/uploads/thumbnail/20170708154621291_small.jpg

«ҰЛЫ ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» Республикалық  қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының  «25 Бағдарламасының»  Жобасы:

Бағдарламаның атауы: «25 Бағдарлама». Бағдарламаның мақсаты:  жастарды ар-ожданды қатаң сақтауға, теріс жолға түспеуге,  ізгілікке, инабаттылыққа,    жоғары мәдениеттілікке,  отаншылдыққа,   тәлім-тәрбиелі болуға,  қазақ намысына  кір келтірмеуге, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге,  туған Отанымыз - Қазақстан Республикасының мықты азаматы болып өсуге тәрбиелеу  болып табылады.  Бағдарлама идеясының авторы – қозғалыстың тең төрағасы Сәдібек Түгел.

SONY DSC

  «25 Бағдарлама»   идеясы неден туындады?  Жауап: күнделікті өмірдегі  жастарымыз арасындағы қалыптасқан  жантүршігерлік  арсыздықтардың көбеюіне тосқауыл қою,  ұлт намысын қорлайтын келеңсіз жәйіттерді болдырмау, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  туған Отанымыз -  Қазақстан Республикасын  әлемдегі 30 дамыған мемлекеттердің  қатарына  қосуымыз  қажет деген Стратегиясына азаматтық үлес қосу    мақсатында  дүниеге келді. Оған себепкер болғаны - көптеген қазақ  қыздары арасында жезөкшеліктің белең алуы,  қазақ жерінде «гей, гейша»,  «сексхана атанған  сансыз сауна-хауыздардың» және  басқада «жынойнақ» клубтардың арам шөптей  қаптап кетуі,  «лас секс туризмнің» Қазақстанға келуі, арсыздықтың шектен шығуы,  көгілдірлердің басынғаны сондай - халқымыздың Ұлы тұлғасы Құрманғазыны  қорлауы, біржыныстылардың үйленулері, нашақорлықтың, маскүнемдіктің тыйылмауы. Осы аталған  кесепаттардың кесірінен  ұлт намысына зиян келуде, қазақ намысы басқа жұрттардың алдында  тапталуда, күлкіге қалудамыз. Капитализация, приватизация, нарық экономикасы, баю, баю және де баю керек  деп жүріп күлкімізді жинап ала алмай қалып жүрмейік. Сөз жоқ баю керек. Оған дау жоқ, талас жоқ.  Астанада қар күрегіш машиналар бар.  Солар жауған қарды бұрқыратып күреп жүреді. Біздің экономикамыздың дамуы да сондай. Қарыштап дамып барады. Оған біз қуанамыз. Қуанбағанда  осылай дами берсек 30 елдің емес,  дүниежүзіндегі жер көлеміміздің   үлкендігі 9 –орындай  9 мемлекеттердің ішінен қара көрсетуіміз әбден мүмкін. Оған барлық жағдай бар. Мұнай, газ, уран, алтын,  қорғасын, мырыш,  тантал, алюминий және тағы да басқа жер ресурстарының  байлығынан әлемде  алтыншы орынды аламыз. Ал, бұл жерде кемшілігіміз неде? Кемшілігіміз - идеологияның әлсіреуінде, рухани азғындаудың белең алуында  дер едім. Бізде  экономика бар да, идеология жоқ. Идеология жоқ жерде, ар-ұят, ождан жоқ болады, жастар рухани азғындыққа ұшырайды.  Қазақтың екі мың жылдық тарихында қазақ әйелдерінің арасында  бұрын соңды көшеде, далада тәнін сататын жезөкшелік  болған емес. Ол бізге 20ғасырдың  тоқсаныншы жылдары капитализммен бірге келді. Айта берсе  ұлттың арына нұқсан келтіретін, намысын қорлайтын келеңсіз кемшіліктер көп.  Олар барған сайын өрши түсуде.  Одан қалай құтыламыз? Міне сол үшін  осы аталмыш  «25 Бағдарлама»  дүниеге келді. Әлі кеш емес. Ол нені көздейді?!

Біріншіден: Еліміздегі идеология мәселелерін қайта қарап, талқылау керек. «Ұлттық идеология мәселелері» атты 2015-2030 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарлама  қабылдау керек. Елбасыға тікелей бағынатын  жаңа «Ұлт идеологиясы және жастар тәрбиесі» атты жалпыұлттық  құрылым құру.

Екіншіден: «Ар-ождан» заңын қабылдау. Ар-ождан полициясын құру.

Үшіншіден: Осы «Ар-Ождан» Заңының негізінде жезөкшелерді, нашақорларды қатаң жазаға тарту.

Төртіншіден: сексхана атанған қаптап кеткен сауна-хауыздарды,  түнгі клубтарды, гей, гейша клубтарды, басқада  «жынойнақтарды» тез арада жабу.

Бесіншіден:  лас туризмге жол бермеу.

Алтыншыдан: жастардың тәлім-тәрбиесіне  отбасында, балалар бақшасында, мектепте,  барлық оқу орындарында,  ұйымдарда,  кәсіпорындарда бірінші кезекте көңіл бөлу. Барлық жерде «Ар-Ождан» сабақтарын өткізу.

Жетіншіден: Қазақ  «Қызға –қырық үйден тыйым» деп бекер айтпаған. «Қыздың намысы - елдің намысы». Қыздың намысы тапталса, елдің намысы ойран болады емес пе? Біз Арды бәрінен жоғары ұстаған  халықпыз едік ерте де. Қазір не болды? Ар-ұяттан неге айырылдық?

Сегізіншіден: бір ғасыр-4 ширек ғасырдан құрылады. Ал, бір  ширек ғасырда - 25 жыл бар.  Сол 25 жылда  қазақтың  қызы  оқуын оқып, өсіп, бойжетіп тұрмыс құруы керек. Сол 25 жылда  қазақтың  ұлы  ат жалын тартып мініп,  оқуын оқып,  өсіп-ержетіп – үйленуі керек. Олай болмаған жағдайда қоғам дабыл қағуы тиісті.

Қазір елімізде 700 мыңдай қыздар тұрмыс құрмаған,  300 мыңдай  жігіттер сұр бойдақ болып жүр. Бұл дабыл қағатын мәселе емес пе?

Тоғызыншыдан: Жоғары оқу орындарындағы ақылы оқуды тоқтату. Біздің жастар тегін білім алулары керек.

Оныншыдан: жастардың  Ар-ождан тәлім-тәрбиесіне  бүкіл халық болып атсалысуымыз ауадай қажет болып тұр.  Проституциясы дамыған ел атану –сүйекке таңба. Одан  өлген артық. «Ар-Ожданды қатаң  сақтау» ұлттық идеология болуы тиіс.

Қамшы-ақпарат

Оставить комментарий

Связанные Статьи