Хоспис- науқастың демі таусылар күн жақын екенін біле тұра оның тәни және жан қиналысын жеңілдетуге тырысатын әлеуметтік қызмет. Бұл жерде адамдар көз жұмады десе сенбеңіз. Бұл жердегі адамдар өздерінің морфиннің (ауруды ұйықтататын, ауырғанын басатын дәрі) күшімен жүрсгеніне қарамстан әрдайым көңілді болып, өмірге еш өкпелемейді. Аурухана асына да наразылықтарын білдірмейді.
Бұл жердегі рак немесе қауіпті ісікпен ауыратын науқастардың саусақпен санарлық ғұмыры қалған. Олар үшін әр күн 24 сағаттан да көп.
«Бұл ауруды бір ғана сөзбен жеткізуге болады: адам төзгісіз»
Стандартты картон онкологиялық орталығы қала сыртында орналасады. Аурухана есігі мен қоршау. Бұл жерге науқастар бірнеше сағатқа ғана келеді. Рак адам ағзасына өте тез енеді. Аурудан емделу ұзақ , әрі көп жағдайда сәтсіз.
Дәрігерлер қолдарына келгенді істеп бағады. Ісікті науқас бойынан хирургиялық құралдар арқылы кесіп тастауға тырысады. Кейде химиялық ем қолданады. Радиация сәулесімен адам бойындағы зиянды жасушаларды «күйдіріп» тастауға тырысады. Бұдан да басқа жағдайлар кездесіп жатады. Денеге жайылған ауру асқынып, морфиннің күші әсер етуден қалған рак ауруының соңғы кезеңіндегі науқасқа медицина көмектесе алмайды.
Рак ауруының төртінші сатысындағы науқастардың жағдайы адам төзгісіз ,деп мәлімдеді онкологиялық диспансер басшысының орынбасары.
Бұл деген сөз науқас өз әрекетіне жауап бере алмайды. Ауруы асқынған сәтте не істеп, не қойғанын білмейді. Үйінде оларға кім көмектеседі? Туыстары ма? Оларға кім морфин береді? Кім дәрі егеді? Ал туыстары болмаса ше? деп өз күйінішін жеткізді.
Хосписта ауруына емі жоқ науқастардың ауруын басу үшін дәрілер беріледі, ракпен ауырып төсек тартып қалған науқастарға күтім көрсетіледі. Науқастардың көпшілігі 1 апта , ал кейбірі тіпті 1 күнде дүниеден озады. Ал кейбірі жылдар бойы хосписта күн кешеді. Бастысы ол кісілер тірі. Барлық адамдар секілді күтім мен назарды талап етеді.
«Менің арманым қандай? Менің өмір сүргім келеді!»
Екі төсек, қысқа бағана, теледидар. Төсектің бірінде 50 жас шамасындағы ер адам аяғын бүктеп иегіне тақап отыр. Жанары бір нүктеге қадалып, үнсіз отыр. Демьян есімді науқас бұрын университетте оқытушы болған. Кесел денесінің барлық бөлігіне тараған, рак сүйектеріне өтіп, тірі өлікке айналдырған. Ауруға берілген науқастың аяқтары өз денесін көтере алмайтын халге жеткен. Ер адам көптен бері төсектен тұрмаған және студенттері бұл күйін көрмегенін қалайды.
Демьянның қолында кітап. Роман оқып жүргенін айтты. Ақырындап өзі туралы, өзінің армандары мен жоспарлары туралы айтты. Саясат пен өмір, ауа райын да сөз етті.
Демьянның көршісінің жасы 59-да. Мамандығы бойынша , Сергей -геодезияшы. Бұл науқастың хосписқа келгеніне бір жарым апта болған. Сағынышпен терезеге телміріп отырған Сергейге күніне төрт морфиннің күші әзер жетеді. Рак сүйегіне өтіп, төрт сағат сайын дәрі қабылдауға мәжбүр.
Енді әйелдер жаққа бе бұрсақ...
«Енді қандай арман бар дейсің» деп күрсінді 80 жастағы әжей. Асарымды асадым, жасарымды жасадым. Сонда да шөберелерімнің ержеткенін көруді армандаймын. Ауруға шалдықтым, жасым да біразға келді. Біздің бәріміз өлеміз..
Хоспистағы науқастардың көпшілігінің отбасы бар. Жақындарының ортасында бақытқа бөленіп жүргендердің өзі де қауқарсыз қалып жатады. Емделушіге үнемі күтім қажет: ине салу, жаялығын ауыстыру, жуындыру,т.б.
Ең көрқыныштысы айықпас дертке кез келген адам душар болуы мүмкін. Ауру айтып келмейді.
Сондықтан ештеңені ертеңге, кейінге ысырмай, армандарымызды орындауға асығайық.
Дайындаған: Айгерім Таубай
Оставить комментарий