Головкин: Соңғы белбеу үшін жекпе-жекті Қазақстанда өткізе алатын шығармын

/uploads/thumbnail/20170710110634224_small.jpeg

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин елімізде үлкен бір бокс кешін ұйымдастырғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі kaz.tengrinews.kz-ке  сілтеме жасай отырып.

«Мен Қазақстанда үлкен бір жекпе-жек өткізгім келеді. Барлығы да осыны қалайтын сияқты. Бұл менің елім үшін маңызды, әрине, менің бокстағы салатын ізім үшін де. Маған чемпиондық атақтарды біріктіретін, үлкен жекпе-жектер, аты белгілі қарсыластар керек. Мен алда "Канеломен" жұдырықтасамын. Мүмкін соңғы белбеу үшін жекпе-жекті Қазақстанда өткізе алармын», - дейді Головкин. 

Еске салайық, 7 маусымда Головкин Қарағандыда өзінің аты берілген спорт кешенінің ашылу салтанатында болды. Қазақстандағы сапары кезінде боксшы өкіл болып келетін Астандағы EXPO-2017 көрмесіне қатысады. Шілденің ортасында боксшы АҚШ-тың Калифорния штатындағы Big Bear базасында жаттығу лагерін бастайды. Ал 16 қыркүйекте мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасады.

Шолушы: Әсел Өтешова
 

Оставить комментарий

Связанные Статьи