Александр Бублик Гонконгтағы турнирдің ширек финалына өтті

/uploads/thumbnail/20260108204527761_big.webp Чемпионат

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Гонконгта өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирді сәтті бастады. Ол алғашқы айналымда Нидерланд өкілі Ботик ван де Зандсхулпты сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Кездесу екі партияда аяқталды. Екі партияда да Бублик 6:3 есебімен басым түсті. Матч 1 сағат 11 минутқа созылды. Ойын барысында қазақстандық спортшы тұрақты әрі жинақы ойын көрсетті.

Осы нәтижеден кейін Александр Бублик турнирдің ширек финалына шықты. Жартылай финалға шығу үшін ол Қытай теннисшісі Шан Цзюнчэнмен кездеседі. Қытайлық спортшы ATP рейтингінде 406-орында тұр.

Айта кетейік, Гонконгтағы турнир жаңа маусымның басындағы маңызды жарыстардың бірі саналады. Бұл бәсеке Бублик үшін рейтингтік ұпай жинап, маусымды жақсы деңгейде бастауға мүмкіндік беріп отыр.

Связанные Статьи