Дәрігерлер футболшы Диас Төлеудің өліміне қатысты мән-жайды түсіндірді

/uploads/thumbnail/20251017124042546_big.webp

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы футболшы Диас Төлеудің қазасына байланысты ресми түсіндірме берді. 

"Екібастұз" клубына қарсы кешегі ойын кезінде Диастың қалай жарақат алғаны көрінбей қалды. Бірақ бас кезінде ол аяғын ұстап жатқан. Одан кейін жағдайы мүлдем нашарлап кетті.

Басқарма мәліметінше, Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне 2006 жылы туған футболшы клиникалық өлім жағдайында жеткізілген. Оны оқиға орнында кезекшілік атқарған жеке медициналық жедел жәрдем бригадасы алып келген.

"Медициналық бригада 30 минут бойы реанимациялық шаралар жасады. Алайда өмір сүру белгілерін қалпына келтіру мүмкін болмады. Биологиялық өлім тіркелді", - дейді дәрігерлер.
 
Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сараптама кезінде өлімнің себебі анықталады.
Связанные теги :

Связанные Статьи