Еуразиялық экономикалық қауымдастық пен Иран арасындағы еркін сауда келісіміне 2017 жылы қол қойылуы мүмкін делінген Еуразиялық экономикалық комиссияда таратылған ақпараттық құжаттарда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар ЕуразЭО мүше мемлекеттердің қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз ету жобалары да талқыланды. Одан бөлек, Қазақстан үкіметі Ресейден ЕАЭО елдеріне теңіз порттары инфрақұрылымын пайдалануға мүмкіндік беруді сұрағанын хабарлады.
Айта кетейік, Кездесуге Армения премьер-министрі Карен Карапетян, Беларусь премьер-министрі Андрей Кобяков, Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков және Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев және бес ел вице-премьерлері қатысты.
Ал Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы биыл, қазан айының аяғында, Ереванда өтеді.