Алматыда қалалық мәслихаттың кезекті мәжілісі өтті. Жиын барысында жергілікті бюджет қаржысын қайта бөлу есебінен қалалық бюджет 9,3 млрд теңгеге түзетілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл қаржы 5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Аталған қаржы негізінен жастарды жан-жақты қолдауға бағытталмақ.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Жастар жылы» деп жарияланған болатын.
Осыған байланысты жастарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге 1,8 млрд теңге бөлінді.
«Бұл мәселені шешу үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы тұрғын үй сатып алуға жастарға жеңілдікпен несие беру механизмін қолдану ұсынылады. Тұрғын үй несиесі жылына 5%-бен беріледі. Осы мақсаттар үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Жергілікті бюджеттен 303,2 млн теңге қаражат денсаулық сақтау саласына, жедел жәрдем шақыру санын көбейтуге, 3 денсаулық сақтау нысанын сейсмикалық күшейту және онкоорталық салуға бағытталады», - деді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ілияс Өсеров.
Сондай-ақ, Ілияс Өсеров биылғы жылы «Балапан» мемлекеттік тапсырысы бойынша қаржыландыруды 71 млн теңгеге арттыруды және 3 балабақша мен 3 мектепке инженерлік желілерді жүргізудің басталғанын, оған 2,6 млн теңге бөлінгенін айтты.
Бұдан өзге 2017-2018 оқу жылы аяқталған соң 10 млн теңгеге екі мектепте сейсмикалық күшейту жұмыстары басталады.
Қаланың спорттық әлеуетін дамыту және қолдау мақсатында маусымдық мұз айдынын ашуға қосымша қаржы бөлу жоспарлануда.
Аталған мұз сырғанақтары қала тұрғындары үшін тегін қызмет көрсететін болады.
«Қалаға келуші жекеменшік туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қаланың басты көрікті жерлерін аралау үшін экскурсиялық туристік автобус іске қосылады, ол қаланың негізгі көрікті жерлерін көруге мүмкіндік береді», - деді И.Усеров.
Бұдан өзге, ІІД материалдық техникалық базасын нығайтуға 10 эвакуатор сатып алу, қалалық сот ғимаратын салуды жалғастыруға, тиімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу аясында 10 автокөлікке арналған 2 өрт сөндіру стансасының жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге жұмсалады.
Қосымша қаражат қаланың жол-көлік инфрақұрылымын салу, Ян-Гейл тұжырымдамасын іске асыру аясында көшелерді жетілдіру, сондай-ақ қалалық онкологиялық орталық салу үшін жұмсалады.
ҚР Президентінің «Рухани жаңғыру» мақаласының шеңберінде халықтың рухани дамуы мен мәдени мұрасына ерекше назар аударылатын болады.
2017 жылы 47 үйдің ірге тасын қалау басталады. Сонымен бірге, «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында Саялы-2 ықшамауданы 6 тұрғын үйдің құрылысына бөлінеді.
Көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 976,2 млн теңге бөлу жоспарланып отыр. Оның ішінде Абай даңғылын ұзартуды бастауға, Фурманов көшесін созуда авторлық және техникалық қадағалау жүргізуге, Алматинский көшесін қайта жөндеуге, Панфилов көшесіндегі 6 реттелетін жаяу жүргіншілер өткеліндегі қозғалысты ұйымдастыруға, сондай-ақ қоғамдық көліктегі жолаушыларға жеңілдікті жол жүру шығындарын өтеуге бағытталады.
Ағымдағы жылы 442 үй аулалары жөнделуде. Бұл жұмыстар келесі жылы да жалғасады, осыған байланысты аулаларды абаттандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 39,5 млн теңге бөлінеді. Орталық мәдениет және демалыс саябағының ағымдағы жөндеуіне қосымша 28 млн теңге бөлінеді.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы жергілікті даму бюджеті 1,5 есеге артып, 100 млрд теңгеге жетті. Осылайша, тек көріктендіруге 2,3 есе, жолдарға - 1,7 есе, инженерлік жүйелерге - өткен жылмен салыстырғанда 1,3 есе артық бөлінді.
Оставить комментарий